Қазақстанда алғашқы толыққанды АЭС салу құқығы үшін Ресей, Қытай, Франция және Оңтүстік Корея бәсекелесті. Барлық үміткерлердің қажетті технологиялары бар — анық аутсайдерлер болған жоқ.

2025 жылғы ақпанда Қазақстанда алғашқы АЭС салынатын орын анықталған еді. Алайда жобаны жүзеге асыратын жеткізуші немесе консорциумды таңдау туралы түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ. Энергетика министрлігі бұл шешім биыл қабылданатынын мәлімдеді.
Бірақ соңғы апталарда нақты фавориттер арасында ресейлік «Росатом» пен қытайлық CNNC аталды
Атом энергиясы жөніндегі агенттігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ашық және бәсекелі диалог әдісімен реакторлық технологиялардың жетекші әлемдік жеткізушілерінің басшыларымен келіссөздер өтіп, компаниялардың өндірістік нысандарын мамандар аралап шыққан. «Жүргізілген жұмыстың нәтижелері бойынша ықтимал вендорлардың «шорт-листі» құрамына «Росатом» (Ресей), «China National Nuclear Corporation» (Қытай), «Électricité de France» (Франция) және «Korea Hydro & Nuclear Power» (Оңтүстік Корея) енді», – деп хабарлады Атом энергиясы жөніндегі агенттік.
Толығырақ
Хабарламада айтылғандай, шорт-листке енген компаниялар Қазақстанда АЭС салу бойынша техникалық және коммерциялық ұсыныстардан тұратын кешенді материалдар топтамасын ұсынды. Олардың ішінде мынадай мәліметтер болды:
– құрылыс құнының болжамды сметасы;
– жобаны іске асыру мерзімдері;
– қаржыландыру тарту моделі;
– жабдық пен құрылыс жұмыстарын жергіліктендіру тәсілдері;
– кадрлар даярлау және ғылыми-білім беру әлеуетін дамыту бойынша ұсыныстар;
– ядролық отын циклі саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері;
– әлеуметтік міндеттемелер мәселелері.
«Нәтижесінде, ҚР Атом энергиясы агенттігі «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС және француздың Assystem инжинирингтік компаниясының қатысуымен әзірлеген әдістеме негізінде ұсынылған реакторлық технологиялар мен вендорлардың өзге де ұсыныстарына кешенді бағалау жүргізілді. Бағалау АЭС қауіпсіздігі, технологиялық және қаржылық аспектілер, халықаралық тәжірибе, персонал даярлау, жергіліктендіру деңгейі және басқа да бөлімдер бойынша жүргізілді. Осы талдаудың қорытындылары атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның қарауына ұсынылып, Қазақстанда АЭС салу бойынша ең оңтайлы әрі тиімді ұсыныс ретінде ресейлік «Росатом» компаниясының ұсынысы таңдалды. Одан кейінгі орынға қытайлық «China National Nuclear Corporation» ұсынысы орналасты. Франциялық «Électricité de France» пен кореялық «Korea Hydro & Nuclear Power» ұсыныстары үшінші орынды бөлісті. Осылайша, «Росатом» компаниясы Қазақстандағы алғашқы АЭС салу жобасы бойынша халықаралық консорциумның көшбасшысы ретінде айқындалды», – деп қосты агенттік баспасөз қызметі.
Қазір «Росатом» ұсыныстарына сәйкес Ресей Федерациясы есебінен мемлекеттік экспорттық қаржыландыру тарту мәселесі қарастырылып жатыр.
«Агенттік Қазақстанда алғашқы АЭС салу үшін тиімді халықаралық консорциум қалыптастыру бойынша шетелдік серіктестермен жұмысты жалғастырады», – деп түйіндеді ведомствоның баспасөз қызметі.
Сарапшы Олжас Бәйділдинов, «Байділдинов. Мұнай «, 2030 жылға қарай Орталық Азияда электр энергиясының тапшылығы тоғыз ГВт-қа жетеді. Оны жабу үшін атом энергетикасы өте қажет. Және Қазақстан — «Росатом» пайдасына таңдау жасаған жалғыз ел емес.
«Менің ойымша, бұл ең орынды және ең дұрыс шешім. «Росатом» — атом технологиясы саласында еңбек сіңірген көшбасшы, он шақты елде атом реакторларын салды және көптеген елдерде бұл туралы келіссөздер жүргізілуде. Бастапқыда Росатом Өзбекстанмен шағын АЭС салу бойынша құрылыс жүргізді — онда алты реактор болуы тиіс еді. Бірақ кеше ғана бұл жоба қайта форматталып, шағын АЭС-пен бірге екі энергоблокты ірі станция салынатыны белгілі болды. Өзбекстан да біз сияқты уран өндіріп, оны әлемдік нарықтарға жеткізеді «.
АЭС операторы станцияны қауіпсіз пайдалану және апаттардың ықтимал салдары үшін толық жауапты болады
Атом энергетика агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда салынатын АЭС-те авария болған жағдайда оған Ресейдің «Росатом» мемлекеттік компаниясы жауапты болмайтыны, оған біздің жақ жауап беретіні белгілі болды. «Атом электр станциясындағы ықтимал оқиғалар үшін негізгі заңды жауапкершілік станция операторына жүктеледі. Мұндай модель көптеген елдерде қолданылады және зиянды өтеу механизмін жеңілдетуге бағытталған. Осылайша, Халықаралық құқық тұрғысынан Қазақстандағы АЭС операторы станцияны қауіпсіз пайдалану және апаттардың ықтимал салдары үшін толық жауапты болады, – делінген хабарламада.
Құрылыс сапасын кім бақылайды?
Атом электр станциясының құрылысын бірнеше орган бақылайды. Оны ішінде:
- Авторлық бақылау жобаның басты қатысушысы ретінде «Росатом» компаниясына жүктеледі;
- Техникалық бақылауды тапсырыс беруші «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС Францияның Assystem компаниясының көмегімен жүргізеді;
- Мемлекеттік бақылауды атомдық қадағалау комитеті қамтамасыз етеді. Қазір бұл комитет елдегі ядролық зерттеу қондырғыларының қауіпсіздігін қадағалап отыр.
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), оның ішінде станцияның іске қосылу сатысында қауіпсіздікті бағалайтын OSART миссиясы да тексереді.
Ал ядролық және радиациялық қауіпсіздікті атом энергиясы агенттігі жанындағы атом қадағалау комитеті жүргізеді. Ол станцияны пайдалану кезінде лицензияларға, тексерулерге және барлық ережелерді сақтауға жауап береді. Экология министрлігі экологиялық нормалардың бұзылмауын қадағалайды.