
Экономиканы несиелеу өте маңызды, сонымен бірге тәуекелі де жоғары. Банктерде қажетке жарамай триллиондаған теңге жатқаны осыған дейін талай рет айтылған. Ал шағын және орта бизнес қаржыга мұхтаж. Ресми статистика деректеріне сәйкес, былтыр ЖІӨ-дегі ШОБ үлесінің өскені байқалды. 2024 жылдың 4-тоқсанында экономикадағы ШОБ үлесі 39,7%-ы құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңінен 3,2%-дық тармаққа артық. 2024 жылы жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 2,2%-ға артып, 4,4 млн адамға жетті. ШОБ субъектілерінің өнім шығару көлемі 2024 жылғы 4-тоқсанда 19,2%-ға ұлғайып, 81 трлн теңгені құрады
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, ЕДБ-дің экономикаға берген кредиттер 2025 жылғы сәуірде 2,0% -ға, 35,0 трлн теңгеге, ұлттық валютадағы кредиттер 2,1% -ға, 32,3 трлн теңгеге дейін өсті.
- шетел валютасындағы кредиттер 0,5% -ға, 2,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды,
Сәуірде бизнес субъектілеріне берілген кредиттер 2,9% -ға, 13,3 трлн теңгеге дейін өсті.
- Ірі бизнеске қарыздар 1,2% -ға, 5,0 трлн теңгеге дейін,
- ШОБ субъектілеріне 3,3% -ға, 5,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
- Жеке кәсіпкерлерге берілген несиелері. 5,3 пайызға өсіп, 2,5 трлн теңгеге жетті.
«Сәуір айында бизнес субъектілеріне 1,7 трлн теңге сомаға жаңа қарыз берілді, бұл 2024 жылдың сәуірімен салыстырғанда 16,2% -ға артық. 2025 жылдың басынан бастап бизнеске жаңа кредиттер беру көлемі 5,6 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6% -ға артық «, — деп түсіндірді ҚНДРА.
Сәуір айының қорытындылары бойынша бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі бір ай бұрынғы 21,6% -дан 21,3% -ға дейін төмендеді,
Сәуірде халыққа теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы тұтынушылық қарыздар бойынша ставканың 20,4% — дан 21,2% — ға дейін ұлғаюы салдарынан 19,9% — ға дейін өсті.
- Банктердің несие қоржынының сапасы жоғары деңгейде қалып отыр.
- 2025 жылғы 1 сәуірге кредиттік портфельдің жалпы көлемінде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің үлесі 2025 жылғы наурыздың деңгейінде 3,4% немесе 1,3 трлн теңгені құрап, сақталды.
- Халықтың несиелері бойынша NPL90 + қарыздарының үлесі 4,2% немесе 906 млрд теңгені, бизнес несиелері бойынша 2,3% немесе 354 млрд теңгені құрады. 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттерді провизиялармен жабу деңгейі 67,7% -ды құрады.
Біздің байлам
ЕДБ бизнесті қаржыландырмайды деп ешкім айта алмайды. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап бизнесті қаржыландыруга жұмсалған қаржы туралы нақты мәліметтер жоқ. Бірақ олардың өте көп екенін ішіміз сезеді. Бірақ экономикалық өсімдегі бизнестің үлесі аз. экономикамыз шикізатқа бағдарланғандықтан банктер бизнес-жобаларды таңдап, оларға қарыз беруге міндетті деген көзқарас қалыптасқан. Үкімет бұл шешім ел ішінде ұлттық инвесторлардың пайда болуын шектейтінін жақсы біледі. Бірақ өзге амал жоқ.
Сарапшы Айбар Олжаевтың айтуынша Үкімет пен Ұлттық банктің міндеті теңгенің тұрақты болуын қамтамасыз ету, ҚНДРА қаржы ұйымдарының заңды бұзбай дұрыс жұмыс істеуін, банк басшыларының ақша ұрламауын, онлайн кредиттер бойынша алаяқтық болмауын қадағалаумен шектеледі. «Банктің экономикаға көмектесуі де, мемлекеттің жеке банкке көмектесуі де – утопия. Бірақ бізде екінші утопияға көбірек басымдық беріліп кетті», деді А.Олжаев.
Нарық заңы бойынша, банктер – қайырымдылық қоры емес, бизнестің бір сегменті. Бірақ бізде банктердің капиталы аз. Ұзақ мерзімге несие бере алмай, қысқа уақыт, қымбат пайызбен ғана шектеледі.. өндірістік жобаларды немесе сенімді шикізат көздерін ұзақ мерзімге қаржыландыруға мүмкіндігі жоқ. «Қазір қаржы салуға қолайлы тұстарды көбейту үшін нарықтың жаңа көзін дамытуға басымдық беру керек. Бұл экономиканы әртараптандырып қана қоймайды, ұлттық инвесторлар қатарын көбейтеді.