
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сақтандыру ұйымдарының нормативтеріне түзетулер енгізді. ЖРҚРА қаулысында сақтандырушылар үшін РЕПО операцияларының көлемін шектелгені айтылған.
Қаржы реттеуші, атап айтқанда, Ұлттық банк төрағасының 2016 жылғы қаулысына өзгерістер енгізді.
- Осы өзгерістерге сәйкес 2025 жылғы 1 сәуірден бастап РЕПО операцияларының жиынтық баланстық құны сақтандыру резервтері сомасының 50% -ынан аспауы тиіс.
- РЕПО операциялары — бұл белгілі бір уақыттан кейін оларды сатып алу міндеттемесімен өздерінің бағалы қағаздарын сату жөніндегі мәміле түріндегі қарыздардың жасырын тетігі. Мәміле кезінде сатып алушы активтің иесі болады.
- Сақтандыру резервтері сақтандыру сыйлықақыларынан қалыптастырылады. Компания оларды клиенттерге сақтандыру бойынша төлеу үшін пайдаланады.
- 2025 жылғы 1 шілдеден бастап сақтандыру ұйымдарындағы РЕПО мәмілелерінің құны сақтандыру резервтері сомасының 35% -ынан аспауы тиіс.
- Бұдан басқа, түзетулер сақтандыру компаниялары жасайтын бағалы қағаздармен спот-мәмілелерге де қатысты (есеп айырысу шектеулі мерзімде жүргізілетін мәмілелер). Енді активтерді жеткізу және олар бойынша есеп айырысу мәміле жасалған сәттен бастап бес күннен кешіктірілмей жүргізілуі тиіс.
- Түзетулер 29 мамырдан бастап күшіне енеді.
Қазақстанда барлық жарналарды жинап, өтемақы төлейтін арнайы Мемлекеттік сақтандыру ұйымы құрылады, яғни бұл мәселемен жекеменшіктер айналыспайтын болады. Сарапшылардың сөзінше:
- Жекеменшік сегменттегі сақтандыру дүлей апаттарды ғана емес, кәдімгі тәуекелдерді де жабады
- : Ал мемлекеттік сақтандыру тек табиғи апаттардан ғана болады. Қазақстандықтардың таңдауы бола ма, ол құпия болып қала береді.