«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқармасының төрағасы Нұрлан Жақыпов премьер-министр Олжас Бектеновпен кездесіп, экономиканың басым салаларындағы жалпы сомасы 36,4 трлн теңгеге жуық 46 ірі инвестициялық жоба туралы баяндады.

Қордың сатып алу тәртібінде:
• ОТП-дан тауарларды бірінші кезекте сатып алу, жұмыстар мен қызметтерді орындау кезінде ОТП-дан тауарларды сатып алу бойынша мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардың міндеттемелері, сондай-ақ 16-дан астам қосымша қолдау шаралары көзделген.
• Аталған қолдау шаралары аясында қазақстандық өндірушілермен жасалған шарттар санын 2024 жылы 1,1 трлн теңгеден 2025 жылы 1,4 трлн теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
Бұдан басқа, өткен жылы импортты алмастыру бағдарламасы бойынша «Самұрық-Қазына» қазақстандық кәсіпкерлермен 191 млрд теңгенің офтейк-келісімшарттарын жасасты:
• Бизнесті қолдау шараларының бірі skstore электрондық дүкені болып табылады.
• Платформада 13 мыңнан астам ШОБ өкілдері мен 500 отандық тауар өндірушілер тіркелген.
• 2024 жылдың қорытындысы бойынша тапсырыстар саны 25 млрд теңгеге 14,6 мың теңгені құрады,
• 2023 жылмен салыстырғанда өсім — 7 есе.
Премьер-Министр «Самұрық-Қазына» басшылығы мен салалық министрліктерге жобаларды инфрақұрылымға, энергетикаға, көлік логистикасына, Қазақстанның өнеркәсіптік және экономикалық дамуына мультипликативтік әсеріне байланысты уақытылы іске асыруды қамтамасыз етуді тапсырды.