
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай міндет қойды, оны жүзеге асыру үшін ел төңірегінде, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясы және Каспийде көлік-логистикалық және сауда тораптары құрылуда.
· Біріншісі Қостанай облысында зауытта жылына 70 000 көлік құрастырылады. Жобаға кореялық Kia компаниясы $200 миллион инвестиция құйған.
- Екінші Алматыдағы зауытта қытайлық брендтердің көліктері жиналады. Оның жылдық қуаттылығы — 90 000 көлік.
Соңғы бес жыл ішінде Қазақстандағы автокөлік өндірісі үш есе артуы әлемдік автоиндустрия баяулаған кездегі ең ерекше нәтиже.
Қазір отандық нарықтағы ірі ойыншылар – Қостанайдағы Allur және Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan. Бұл екі кәсіпорын Қазақстандағы автомобиль өндірісінің басым бөлігін қамтамасыз етіп отыр.
Жаңа зауыттардың іске қосылуы нәтижесінде мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылып, иженерлік және техникалық мамандықтар бойынша сұранысты арттырады. Әлемдік нарықта алпауыт ойыншылар ретінде танылып қалған екі елдің инвесторларының Қазақстанға деген қызығушылығын фактормен түсіндіріледі:
- Мемлекеттік қолдау;
- Ыңғайлы логистика;
- Ішкі сұраныстың артуы.
Қазақ үкіметі автоөндірісті – шикізаттық тәуелділікті азайтуға бағытталған стратегиялық қадам деп қабылдайды.