Ұлттық банк статистикасына сәйкес, 2024 жылы Қазақстанның сыртқы қарызы 1,1 млрд долларға, жалпы қарыз 164,7 млрд долларды құрайды, Былтыр сыртқы қарыз жалпы 3,9 млрд долларға артқан. Оған сыртқы борыш төлем балансы бойынша операциялар себеп. Алайда валюта бағамдарының ауытқуы мен басқа да өзгерістер бұл өсімді 2,8 млрд долларға қысқартқан. Нәтижесінде нақты өсім 1,1 млрд долларды құрайды.

165 млрд доллармен тұйықталып тұрған қарыздың 15,2 млрд доллары – ел үкіметі алған мемлекеттік сыртқы борыш. 2024 жылдың IV тоқсанында бұл қарыз 13,9 млрд доллардан 15,2 млрд долларға жеткен.
Сыртқы борыштың негізі бөлігі – жеке сектордың сыртқы 132,6 млрд, ірі компаниялардың шетелден алған қарызы 3,1 млрд долларға қысқарған. 2024 жылдың қазанында 135,7 млрд долларды құраған борыш 2025 жылдың басында 132,6 млрд долларға дейін азайды.
Одан бөлек 16,9 млрд доллар көлеміндегі сыртқы борыш – мемлекет бақылауындағы банктер мен кәсіпорындардың қарызы. Бір тоқсанда ол 0,2 млрд долларға өскен.
Қазір Қазақстандағы бюджет дағдарысы мемлекеттік қарыздың өсуімен тұспа-тұс келіп тұр. Halyk Finance сарапшыларының айтуынша, осылай кете берсе ел нетто-кредитор мәртебесін жоғалтуы ықтимал.
Сарапшылардың айтуынша, Қазақстандағы бюджет дағдарысы мемлекеттік қарыздың күрт өсуімен тұспа-тұс келіп тұр. Қарыз процентінің өсуі және Ұлттық қор трансферттерінің қысқаруы – бюджет тапшылығын қаржыландыруды қиындатады.
Сарапшылар Ұлттық қордан алынатын трансферттердің жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 5%-ынан асып кеткеніне баса назар аударады. Әсіресе, 2008-2009 жылдардағы қаржы дағдарысы, банк секторын құтқару және COVID-19 пандемиясы кезінде ҰҚ қаражаты көптеп жұмсалды. Бұл жағдай бюджеттің тұрақтылығына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Halyk Finance сарапшылары мемлекеттік қарыздың тұрақты деңгейін сақтау үшін Ұлттық қордан алынатын трансферттерді азайтып, жеке сектордың рөлін күшейту қажетін екенін айтып отыр.
Қазақстанның тағы мынадай сыртқы қарызы бар:
- Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі – 1,99 трлн теңге (үш айда +420 млрд теңге);
- Даму Банкі – 864,6 млрд теңге (+199 млрд теңге);
- Еуропа Қайта құру және Даму Банкі – 43 млрд теңге (+3,6 млрд теңге);
- Ислам Даму Банкі – 31,3 млрд теңге (+2,5 млрд теңге);
- Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі – 459,2 млрд теңге (+155,8 млрд теңге);
- Араб экономикасының дамудың Кувейт қоры – 187,7 млн теңге (+14,2 млн теңге).
Мемлекеттік борышты ұлттық немесе шетел валютасымен, ІЖӨ-ге қатысты пайызбен өлшейді. Оны есептеу кезінде өткен жылдардың өтелмеген берешегі және ағымдағы міндеттемелер ескеріледі.Мемлекеттік борыш үкіметтің, Ұлттық банктің қарызына немесе мәслихаттардың шешімі бойынша әкімдіктердің қарызына жататын барлық өтелмеген мемлекеттік қарыздар мен борыштық міндеттемелерді қамтиды.