Сауда министрлігі әр кез отандық өндірушілерді қолдау, жұмыс орындарын сақтау және экономикалық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған жобалар жеткілікті екенін айтудан шаршаған емес.

Бұл мәселе премьер-министр Олжас Бектеновтың да бақылауында тұр.
Өткен аптада Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мемлекет алдында заманауи көпформатты сауда үлесін 2029 жылға дейін 70%-ға жеткізуді көздейтін стратегиялық мақсат тұрғанын айтты. Оның айтуынша, тып, былтыр 16 сауда орнында жаңғырту аяқталды, биыл шамамен 100 нарықты толық жаңғырту міндеті тұр екен.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін биыл 5,27 млрд теңге бөлініпті. Супермаркеттердегі сөрелердің кемінде 50%-ын қазақстандық азық-түлік өнімдері, 20%-ын азық-түлікке жатпайтын тауарлар құрауға тиіс.
Журналистер арасында отандық тауарлар үлесі 38%-ға дейін түсіп кетті деген пікір жиі айталады. Дегенмен Сауда және және интеграция министрлігінің өкілдері бұл үлесті 90 пайыздан асырып тастаған.
Әлемдік нарықта ішкі нарық протекционистік өнеркәсіптік саясатпен қорғалады. Ал бізде оның қорғалу деңгейі өте төмен.
Отандық өндірушілер қазақстандық өнімдер сападан ғана емес, бағадан да ұтылып жатқанын жиі айтады. ыр.
Ресей өндірушілерге мемлекет қолдауы –10 %. Белорусте 18, Қазақстанда – 6%.
Қазақстандық өнімдердің шетел тауарларының қалтарысында қалғанына осы фактор себеп болса керек.
Кейде отандық өндірісті қолдау үшін импорттық тауарларды шектеу бастамасын айтушылар бар. Бірақ бұл шараның тиімсіз екенін білу үшін маман болудың керегі жоқ. Бұл шара отандық тауар өндірушілерді қорғау шараларымен қатар жүруі керек.
Қазақстанда отандық өндірушілерді қорғау және ішкі нарықты қолдау мақсатында 2024 жылы жекелеген тауарларды әкелуге және әкетуге шамамен 20 тыйым мен шектеу енгізілген. Соның ішінде Қытай, Украина және Үндістаннан әкелінетін өнеркәсіптік тауарларға қатысты 6 демпингке қарсы шара ұзартылыпты.