2024 жыл соңында БЦК мемлекеттік көмектің 20 млрд теңгесін мерзімінен бұрын қайтарғанын хабарлады. Қаржы ұйымы көмектің 10 млрд теңгесін алдағы 1 ай ішінде төлеуді жоспарлап отыр.

Банк баспасөз қызметінің таратқан деректерінде банктің мемлекет алдындағы қарызы қысқарып, 30 млрд теңгесі қалады.
Банк ЦентрКредит – Ұлттық банктің қаржы тұрақтылығын арттыру бағдарламасы аясында ең аз көмек алған қаржы ұйымы. Сол кезде мемлекеттен 60 млрд қаржы бөліген. Оны қаржы ұйымы 2032 жылы қайтаруы тиіс болатын.
Биыл жыл басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттен қаржылай көмек алған банктерге қаржыны қайтаратын уақыт жеткенін ескертті.
KASE деректері бойынша 2025 жылғы 1 қаңтарға ЦентрКредит Банкіндегі үлестің 40,11% -ын Бақытжан Байсейітов, 9,23% -ын Владислав Ли иеленеді. Қалған акциялар пакеті миноритарийлерге тиесілі.
2022 жылғы мамырда банк «Альфа-Банк» ЕБ сатып алды, ал кейіннен оның атауын «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» ЕБ) деп өзгертті. Банктің есебіне сәйкес, мәміле сомасы 50 млрд теңгені құрады. Сол жылы Eco Center Bank ЦентрКредит Банкіне қосылды. Бұл мәміле БЦК-ның өз қаражатынан толығымен қаржыландырылды және небәрі үш апта ішінде болды. 2024 жылдың шілдесінде банк тағы бір «еншілес» — BCC Life өмірді сақтандыру компаниясын құрды.
Қазіргі уақытта ЦентрКредит Банкінің алты «еншілесі» бар: «BCC Project» ЖШС (стресті активтерді басқару жөніндегі компания), «BCC Invest» АҚ (брокерлік-дилерлік қызмет), «BCC Leasing» ЖШС (лизингтік қызмет), «Sinoasia» сақтандыру компаниясы «АҚ B&R» (жалпы сақтандыру жөніндегі сақтандыру компаниясы), «BCC Life» ӨСК АҚ және «BCC-HUB» ЖШС (бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу)