Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин журналистермен кездескен кезде даму сценарийінің үш нұсқасы бар екенін айтты.

Дағдарыстың алдын алудың алғашқы картасы ашылды, екеуі жұмбақ болып келген.
- Қазіргі жағдайда доллар курсы 495 болған мұнай бағасы 75 доллар болу керек.
- Мұнай бағасы 60 доллар үшін дағдарыс жоспары жасалды.
- Қазір мұнай бағасы 55 доллар үшін даму сценарийін аяқтап қалдық», – деді ол.
Жұманғариннің сөзінше, үкіметтің қандай шығынды қысқартатыны туралы жоспары бар.«Бірінші кезекте министрлікке тиесілі ұйымдар, қызметкерлер саны қысқарады. Қызметкерлер санының көбеюіне мораторий жарияланады. Жаңа ғимараттар, құрылыстар және осы тәрізділер де бар. Әдеттегі стандартты процедуралар, қазір бұған қатысты жұмыс жүріп жатыр», -деді ол.
Елімізде мұнай-газ саласынан түсетін түсім бюджеттің қомақты бөлігін құрайды. 2024 жылы елдегі мұнай экспорты рекордтық көрсеткішке жетті. Экспортталған мұнайдың номиналды бағасы 43 млрд долларын құрайды.
Трамптың импорттық салығынан кейін мұнай бағасы 60 долларға дейін төмендеп кеткенін кеше жаздық. Жағдай жалғаса берсе бюджетке тағы өзгеріс енгізілуі мүмкін. 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджетте мұнай бағасы барреліне 75 доллар, ал доллар курсы 470 теңге деп бекітілген еді.
Сарапшылар мұндай жағдай Ұлттық қордан бөлінетін трансфертті тағы ұлғайтады және шығындарды қысқартатынын айтып жатыр.
Сарапшы Сапарбай Жобаевтың айтуынша, үкіметтің «жаны қысылғанда» мұндай карталардың жасала беретінін айтады. Басты мәселе біздің осыған дейінгі дағдарыстардан сабақ алмауымыз. Осыған дейінгі дағдарыстың ішкі нарыққа, экономикаға әсері тәуелсіз сарапшылар деңгейінде зерттелген жоқ. Бұл тақырып біздің экономикалық саясат үшін ақтаңдақ тақырыптардың бірі болды.
Ал келесі сарапшы Қайырбек Арыстанбеков атап өткендей, үкімет Қазақстан экономикасын сауықтыру жөніндегі міндетті орындай алмай отыр.
Ал келешекте елдегі жағдай күрт нашарлауы мүмкін.
«Біздің бағалауымызша, 2025-2026 жылдары біздің экономикамыз үшін үш дағдарыс келеді. Жеке алғанда, бұл жағымсыз құбылыстар ел үшін қауіп болып табылмайды, бірақ қауіптілік олардың бір уақытта болуында «, — деп ескертеді Экономикалық саясат институтының директоры.
- Бірінші дағдарыс — бюджеттік дағдарыс. Бірнеше жыл қатарынан Қазақстанның кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтық өсіп келеді, үкіметтің оптимистік есебі бойынша 2025 жылы қазақстандық бюджет тапшылығы 4 трлн теңгеден асады.
- Екінші дағдарыс — сауда теңгерімінің дағдарысы. Қазақстан тауарлар мен қызметтерді шетелге сатады, сондай-ақ оларды сатып алады. Нормада бұл сандар шамамен бірдей болуы тиіс, егер біз импорттағаннан гөрі үлкен сомаға экспорттасақ, одан да жақсы. Алайда, 2024 жылдың қорытындысы бойынша, Арыстанбеков атап өткендей, біз шетелден сатқаннан 9 млрд долларға артық сатып алдық. Яғни, капиталдың шетелге кетуі көп.
- Үшінші дағдарыс — 2025 -2026 жылдары жеке компаниялардың қарыздарын өтеудің шарықтау шегі байқалады. Біздің бағалауымызша, жеке меншік қазақстандық компаниялардың сыртқы қарызы 101 млрд АҚШ долларын құрайды. Және өтеудің шыңы алдағы 2 жылға келеді. Бұл бірінші кезекте капиталды елден шығару «, — деп түсіндірді Қайырбек Арыстанбеков.
Нәтижесінде, егер үш дағдарыс бір мезгілде түйісетін болса, Қазақстанның мүмкіндігі ішінара шектеліп қалуы мүмкін, «Мұндай жағдайда күрт девальвацияға, Ұлттық қордың сарқылуына және елге инвестиция ағынының азаюына дайындалу қажет болады» дейді сарапшы.