Қазақстанда халықтың алған несиесі бизнеске берілген кредиттен 3,5 трлн теңгеге асып түсті. 2025 жылдың 1 ақпанына қарай ел экономикасына берілген жалпы несие көлемі 41,7 трлн теңгені құраған.

Соның оның ішінде бизнестің алған несиесі 19,1 трлн теңгеге жетсе, (45,8%), халықтың мойнындағы борышы 22,6 трлн теңгеге тең. Бұл Қазақстанның республикалық бюджетінің бір жылдық кірісінен асып түседі.
Ұлттық банк «халықтың кредитіне» кәсіпкерліктен басқа мақсатта алынған кредиттерді жатқызады. Яғни тұтынушылық несие, автонесие мен ипотека осы қатарға кіреді.
- 14,7 трлн теңгенің 37,7 трлн теңгесі – ұлттық валютада алынған кредит. Халық пен бизнес 4 трлн теңге несиені шетел валютасында рәсімдеген.
Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, 2025 жылдың ақпанында екінші деңгейлі банктер мен Қазақстанның Даму Банкі (БРК) бизнеске берген несие көлемі 167 млрд теңгеге азайған.
Халыққа берілген несиенің өсуіне бірнеше себеп бар
- Тұтынушылық несиеге сұраныстың артуы
Соңғы жылдары халық арасында тұтынушылық несиеге деген қызығушылық күрт өсті. Бұл, әсіресе, тұтыну тауарлары мен қызметтерге жоғары сұраныс, инфляцияның өсуі және өмір сүру деңгейін ұстап тұру қажеттілігімен байланысты. - Ипотекалық және автонесиелеудің дамуы
Мемлекеттік бағдарламалар мен банктердің жеңілдетілген ипотека және автонесие ұсыныстары азаматтарды несие алуға ынталандырды. - Бизнес несиелеріне сұраныстың тұрақтануы
Бизнеске берілетін несиелердің өсу қарқыны халықтың несиесіне қарағанда баяу болды. Бұл кәсіпкерлер үшін несие талаптарының қатаңдауы, пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруі және инвестициялық белсенділіктің бәсеңдеуімен түсіндіріледі.
Айта кетейік, 2024 жылы экономикаға берілген кредит көлемі 22% өскен болатын. Жыл соңында жалпы экономикаға беліген несие көлемі 40,9 трлн теңгені құрады.
Қазіргі жағдай ресурстық қарғыстың тырнағына шырмалып қалғанымыздың белгісі
Қаржыгер Бейсенбек Зиябековтың пікірінше, қазіргі жағдай ресурстық қарғыстың тырнағына шырмалып қалғанымыздың белгісі. 2000-шы жылдардың мұнай дәурені жүріп тұрған кезде ақшаны инфрақұрылымға және адами капиталға жұмсау керек еді. Ал бізде, керісінше, әлеуметтік артықшылықтарға жұмсалды. Бұл халықтың сипат алды.
Сол кезде халықты несие тұзағына тарту оңай болғанмен, оны тоқтату қиын болды. Несие алып, түрмыстық жағдайын жағдайын жақсартып алған одан ешқашан бас тарта алмайтын, несие алмаса тұра алмайтын жағдайға түсіа қалады.
Сарапшының айтуынша, тек біздің ел ғана емес, экономмкасын әртараптандып үлгірмеген елдердің бәрі, Азия мен Африка елдері де осы тұзаққа түсіп қалған. Бұл біздің таптық құрылымызға да әсер етіпті. Қазір елде жеке ауласында екі көлігі бар отбасы көп, бірақ орта тап жоқ. Себебі мемлекет экстрактивті индустрия жеткілікті жұмыс орындарын құра алмайды. Мұнай секторы халықтың тым аз бөлігін ғана жұмыспен қамтып отыр.
Б. Зиябековтың айтуынша, ел ішінде дым тереңдеп бара жатқан құбылысқа банктер кінәлі деген көзқарас қалыптасып қалған. Бұл пікір, кейде билік тарапынан да расталып жатады. Экономиканы жарнама билеп тұрған азаманда адамдар жақсы өмір сүргісі келеді. Шетелдерде саяхаттағысы келеді. «Қазақстандағы банк стратегиясының бір бағыты адамның психлогиясын зерттеуге бағытталған. Кейбір сарапшылар жарнама агенттіктері мен банктер арасында бір байланыстың бар екенін айтады. Банкте төленбей қалған несиені қайтарып алудың 100 түрлі тәсілі бар. Бұл жерде бірінші кезекте банктер кінәлі. Олар экономика мен тұтыну несиесінің арасын тең ұстап жүруі тиіс еді» дейді сарапшы.
Несиелер ақша тапқан кезде өте ыңғайлы
Несие бизнес қолайлы. Қалталы адамға айналымнан ақша алған емес, несие алу оңай, өзінің емес, банктің ақшасын айналымға жіберу тиімді. Сарапшы айтып өткендей, банк несиесін бизнеске емес, тұтынушылық несиеге салатындардың қарасы басым болып кетті. «Тұтынушылық кредит беру үшін қажетті тауарлардың тізімін жасайтын кез келді. Банктер бұл ретте несие беру саясатын бизнеске қарай бағыттау керек. Шағын ғана бизнесі бар адам үшін 2 млн теңгемен бағытын әртараптандыруға болады. Ал бізде 2 млн тенгеге тұрмыстық техника алуға бағытталады. Бүгін 1 млн теңге тұратын айфон ұялы телефонының келер жылғы құны 500 мың теңге. Сол сияқты бүгін 10 млн теңге тұратын көлік келер жылы өзінің бастапқы құнын 3 0 пайызға жоғалтады. Халықтың қаржылық сауаттылығының жоқтығы да адамдардың қаржылық жағдайына айтарлықтай кері әсерін тигізуі мүмкін. 100-200 мың жалақысы бар адамдар жаңа айфондармен жүрсе, таң қалмаймын», дейді Б. Зиябеков.
Экономист Жарас Ахметовтың айтуынша, несиелердің қолжетімділігі қоғамдағы кедейлік деңгейіне айтарлықтай әсер етеді.
Сондай-ақ несиелер адамдарға инвестиция, білім, бизнес және басқа да қажеттіліктер үшін қосымша қаржы ресурстарын алуға мүмкіндік беретінін түсіну керек. Мысалы, шағын және орта бизнесте кредиттер кәсіпкерлер үшін негізгі құрал бола алады, оларға өз бизнесін іске қосуға және дамытуға мүмкіндік береді, бұл жаңа жұмыс орындарын құрады, экономикалық өсуге ықпал етеді және жалпы кедейлік деңгейін төмендетеді. Сондай-ақ білім беру кредиттеріне қолжетімділік студенттерге жоғары білім алуға мүмкіндік береді, жоғары ақы төленетін жұмыс алу мүмкіндігін арттырады, бұл ұзақ мерзімді перспективада кедейлік деңгейін төмендетеді. Сондай-ақ бұл тұрғын үй жағдайын жақсарту болуы мүмкін. «Бұл қаржы дағдарысынан қорғану, дағдарыс кезінде күтпеген шығындар, күтпеген жағдайлардың салдарынан отбасылардың кедейшілікке ұшырауына жол бермейтін отбасылар үшін пайдалы болуы мүмкін. Бұл жерде қарыздар мен қаржылық осалдықты болдырмау үшін кредиттердің қолжетімділігі теңдестірілуі тиіс екенін түсіну керек. Пайыздық мөлшерлемелердің жоғарылығы және олардың барабар ұсынылмауы халықтың барлық топтарының жағдайын нашарлатуы мүмкін. Сондықтан қаржы институттарын реттеу мен қадағалау қаржы жүйесінің әділдігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшін маңызды «, — деді ол.
Сарапшы Мағбат Спановтың айтуынша, біз бұл тығырықтан күн көріс деңгейін арттыру арқылы ғана шыға аламыз. 2024 жылдан бастап баға болжамнан шығып кетті. Бұл бір отбасының ғана емес, бүкіл елдің проблемасы. Бірінші кезекте кедейлік шегін көтеріп, содан кейін ғана халықтың қарыз алуымен күресу шараларын қабылдау керек.
«Бізде бар күнкөріс минимумы — ол шындыққа сәйкес келмейді, қазір дүкенге барасың, минус 20-30 мың, ал онда барлығы екі пакет. Бұл күнкөріс минимумына өмір сүре алмайсың. Бұл тек азық-түлік сатып алу, ешқайда бармау, бармау, тек үйде болу. Нақты цифр керек, адамның отбасы бар екенін ескеру керек және т.б. ЕДБ ең төменгі күнкөріс деңгейін ескеріп, адамның осы ең төменгі күнкөріс деңгейі қалатындай етіп несие беруі тиіс «, — деді Мағбат Оспанов.
Ол қазақстандық банктерде Еуропа мен АҚШ банктерімен салыстырғанда пайыздық мөлшерлемелер жоғары екенін атап өтті. «Адамдардың тұрмысын жақсартсам деген арманы табыс деңгейіне сәйкес емес. 200 мың теңге жалақасы бар адамның несиесі кірісінің 30 пайызынан аспауы керек. Ал егер отбасы болса, онда бұл деңгей төмендеуі тиіс» дейді М. Спанов.
Мемлекетке күнкөріс минимумын көтеру керек екенін жиі айтады. Бірақ қалай көтереміз деген мәселенің тұйыққа тіреліп қалғанына 30 жыл болды. . 2023 жылғы наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың нақты секторына кредит беруді кеңейту және халықтың қарыз алуын төмендету жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды. 2023 жылдың наурызынан бастап банкроттыққа өтініш қабылдау басталды. Қарыз алған қазақстандықтарға шамадан тыс қарыз жүктемесінен босатуға мүмкіндік беретін заң 2022 жылғы 30 желтоқсанда қабылданды. Ал жақында Қазақстанда пайдаланушыларға кредиттер мен микроқарыздарды ресімдеуге өз еріктерімен тыйым салуға мүмкіндік беретін онлайн-сервис іске қосылды.
М. Спановтың айтуы бойынша халықтың несиеге шырмалып қалуына тек күн көріс емес, психологиялық факторлар да, қаржылық сауаттылықтың кештетіп көтерілуі де әсер етіп жатыр. Осыдан 10 шақты жыл бұрын басы артық қаржысын ЕДБ -дің депозитіне салу емес, сандығына сақтауды жөн көретіндер қазір депозиттің дәмін қандай екенін білді. Енді қор нарығымен жұмыс істеу мәдениетін меңгерсе, 1 млн теңгеге айфон емес, бір компанияның акциясы сатып алу әлдеқайда тиімді екенін біледі. Демек халықтың қарызға бату салмағын қор нарығы ғана жеңілдете алады деген үміт бар.