«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров соңғы жылдары әлеуметтік желілер қарым-қатынас үшін тұғырнамаға ғана емес, сондай-ақ түрлі онлайн-акциялар мен лотереяларға да айналғанын атап өтті. Блогерге қатысты жаңалықтар олардың әлеуметтік желілер арқылы әртараптандырылып кеткенін көрсетіп тұр. Бір блогер құны 1 млн теңгеге сатып алған курсын ақтау үшін 10 блогерді оқытуға тырысады. Егер, бқл жалғаса берсе, алдағы бес-алты жылда экономикалық белсенді топтың 40 пайызы блогерлер мен коучмендердің армиясын толықтырады.

Блогерлерге қатысты проблеманың арғы жағында онлайн-лотереяны ұйымдастырушылар, коучер-инфлюенсерлердің де мәселесін кешенді түрде қаралау қажеттігі анықталды.
«Онлайн-лотереяны ұйымдастырушылар, коучер-инфлюенсерлер тарапынан заңсыз әрекеттер жиілеп кетті. Олар билеттерді сатады және турпутевкаларды, техниканы, зергерлік бұйымдарды, люкс жылжымайтын мүлік пен автомобильдерді сату түрінде заңсыз лотерея ойындарын өткізеді», — дейді Саиров.
Мәжіліс депутатының айтуынша, қоғамдық пікірде оларды жұлдыз деп көзқарас тереңдеп барады.
Олар барша қазақстандықтарға үлгі болуы үшін депутат:
• блогерлер арасында Қазақстан заңдарын сақтау қажеттігі туралы кеңінен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
• әртүрлі түсініктер мен субъективті түсіндірулерді болдырмау үшін инфлюенсерлердің кірістерін кәсіпкерлік қызметке жатқызудың нақты критерийлерін әзірлеу.
Ол АҚШ-та, Англияда және Қытайда контент авторлары өз қызметінен түскен табыстардан салық төлеуге міндетті екенін қосты.
“Бұл елдерде салық ставкалары прогрессивті болып табылады және 40% -ға жетуі мүмкін. Салықтарды төлемеу — осы мемлекеттердегі ең ауыр құқық бұзушылықтардың бірі, деп атап өтті ол.
Гив деп аталатын тренд мамандықтардың да қызметі заңсыз
Партия мүшесінің айтуынша, қоғамда гив деп аталатын тренд мамандықтардың да қызметі заңсыз. Олар блогерлердің курсына адам жинаумен ғана емес, лотереялар мен бағалы сыйлықтар ұтыстарынын ұйымдастыру дарынымен таныла бастады.
Соңғы заңсыз ұйымдастырудың 106 фактісі анықталды, ал құқық бұзушыларға 146 миллион теңге сомасында айыппұл салынды.
— Әлеуметтік желілердегі заңсыз лотерея белсенділігі жоғары деңгейде талып отыр, — деп атап өтті депутат.
Саиров өз сауалын премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғаринге жолдады..