17 ақпан күні Бұрынғы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары болды. Қаржы сегментінің пікірі оң. Бас банкте ғана емес, қоғамда да үкімет көріп келген, Ақорда көріп келген қаржы министрлігін басқарған тұлға туралы пікірі оң. ҰБ-тің қазіргі төрағасы Тимур Сүлейменовтың 2016 -2019 жылдары Бұрынғы Ұлттық экономика министрі болғанын ескерсек, бұл тағайындау Ұлттық банктің мәртебесін Алатаудың төріне апарып бір-ақ қондырды.

Қысқасы қазір Ұлттық банктің тізгіні бір кездері Үкіметтің қаржы, экономикалық блогына жауап берген қос министрдің қолында.
Жамаубаевтан үміт көпСебебі Ұлттық банкке БЖЗҚ ғана емес, Ұлттық қордың да қаржысын үнемдеп жұмсау тапсырылды. 2030 жылға дейін Ұлттық қорды 100 млрд долларға жеткізу керек деген тапсырма тағы бар.
Қазір зейнетақы қорындағы жинақталған қаражаттың мөлшері 22 трлн теңгеге жақындап қалды. Бұл қаржыға қатысты үкіметтің жоспары нақтыланып қойған. Ұлттық банктің бізге берген мәліметіне сүйенсек, 2025 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің шамамен 40 пайызы (17,2 млрд доллар немесе 9 трлн теңге) валютамен сақтаулы, біразы шетелдің негізгі актив кластарына инвестицияланады. Теңгемен сақтаулы портфелінің көлемі 13,4 трлн теңгеге жеткен. Оның 70 пайызы мемлекеттік бағалы қағаздарға, 15 пайызы квазимемлекеттік компаниялардың облигацияларына, 7 пайызы банктердің облигацияларына салынған.
БЖЗҚ-ның инфрақұрылымдарға салынуына қатысты сарапшылар арасында пікір әртүрлі. Бірақ бізде таңдау жағы шектеулі болып тұр.
2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылымдық жоспарына сәйкес энергетикадағы, көліктегі, сандық және су инфрақұрылымындағы жобаларға шамамен 80 млрд доллар инвестициялануы тиіс. «БЖЗҚ қаражаты ел ішіндегі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға пайдаланылуы тиіс», деп есептейді Ұлттық банктің экс-басшысы Григорий Марченко. Алайда, қаржыгердің айтуынша, бұл қаражаттың қандай бөлігін пайдалану жоспарлануда және осы инфрақұрылымдық жобалар қаншалықты тиімді болады деген мәселе туындайды. Сондықтан бұл жерде ақылға қонымды теңгерім қажет, деп атап көрсетеді ол. Мысалы ретінде Григорий Марченко бұған дейін Қазақстанда дамытуға тырысып келген Жапонияның (зейнетақы-жинақтау жүйесі жоқ) пошта-жинақ жүйесін келтіреді, бірақ оның пікірінше, нәтижесіз. «Жапонияда көріп отырған тамаша автомобиль және темір жолдар, көпірлер және басқа да инфрақұрылымдар көп жағдайда почта-жинақ жүйесі салымшыларының қаражатына салынған», — деп түсіндірді қаржыгер.
Ол бұл жүйе 70-80 жылдары табысты жұмыс істегенін айтады. «Сосын бұл ақшаны 72 адам тұратын аралда көпір салу үшін пайдалана бастағанда, оларда белгілі бір проблемалар пайда болды», — деп атап өтті Григорий Марченко. Сондықтан шешім қабылдау кезінде әрқашан қаражаттың ақылға қонымды және мақсатты пайдаланылуын бағалау қажет. Сарапшылардың пайымдауынша Ұлттық банк төрағасы Т. Сүлейменовтың командасына Е. Жамаубаев қаражаттың ақылға қонымды және мақсатты пайдаланылуын бағалау үшін ғана емес, белгілі бір проблемалар пайда болғанда оны жүйелі түрде шешу қажет.Қаржыгерлердің айтуынша, Ұлттық қордың қаражатының да нақты қайда, қалай жұмсалғанын ашық білмейді. Білетініміз – үкімет сұрайды, Ұлттық банк бере салады. Бұл көңілжықпастық Ұлттық қордың Халықтың ЕДБ алдындағы қарызы да шектен шығып кетті.
Мемлекеттің сыртқы қарызы туралы айтсаң, алдымыздағы компьютрдің өзі қызып кететін жағдайға жетті. Халықтың қарызға батуы да, мемлекеттің сыртқы қарызының тым көбейіп кетуі де – мемлекет үшін өте қауіпті дүниеСүлейменов пен Жамаубаевтың қазіргі уақытта жатпай-тұрмай ойланатын дүниесі осы болуы керекБір кездері Ұлттық банкті лауазымды қызметте болған Б. Зиябековтың тағайындаудың экономикалық та, саяси да астары бар. Қазір банктер туралы заңды қабылдауға дайындық жүріп жатыр. Ресми емес деректер ЕДБ құрылтайшылары мен заң жобасын дайындап жатқан жұмыс тобы арасында қызу пікірталастар жүріп жатқанын айтады.
Алғашқысы бұрынғы артықшылықтарын сақтап қалуды қаласа, соңғысы бұл жүйеге көнгісі келмейді. Бұл тұста Үкімет алдында да, Парламент алдында да азулы және мықты командасы бар азулы Ұлттық банк төрағасы керек. Бірі экономика, екіншісі қаржы министрлігін басқарған қос Тұлғаның кәсіби біліктілігі ғана емес, табандылығы да қаржы секторының алдағы беталысына әсер етеді. Кім білсін, кезінде бірі ұлттық экономика министрлігін басқарған, енді бірі қаржы министрлігін тізгіндеген «үзеңгілестер» бұл мәселелерді үзу жолдарын ендігі қарастырып қойған да болар….
Сүлейменов басшы, Жамаубаев қосшы болса алынбайтын қамал болмайтын шығар деп біз де үміттенеміз.