Ауылға қатысты үкіметтің экономикалық блогындағы мәліметтер тағы жаңартылды.

Бүгін Мәжіліс кулуарында журналистермен кездескен Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков ауылдарды дамытуға жұмсалатын қаржы көлемі жыл сайын өсіп келе жатқанын айтты. Оның айтуынша, елдімекендерді жақсартуға бағытталған түрлі бағдарламаларға бюджеттен шамамен 1 трлн теңге бөлінеді.Нарық қатынасына көшкелі бері Үкімет ауылды мемлекеттік қолдаудың түрлі жолын қарастырды, әлі де қарастырып жатыр.Бұл бағытта соңғы 30 жылда 15 бағдарлама қабылданған екен. Ауылды дамытуға арналған «Ауыл жылы» (2002-2005), «Ауылдық аймақтарды дамыту» (2004-2010) сынды мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, миллиардтаған қаржы бөлінді. Бірақ барлығы нәтижесіз болды. Бұл жолы ҰЭМ өкілі мынаны айтты.
- «Ауылдарды дамытуға түрлі бюджеттік бағдарламалар аясында шамамен 1 трлн теңге бөлінеді. Бұған инженерлік инфрақұрылым, әлеуметтік инфрақұрылым, АӨК-ті қолдау, сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша бюджет бағдарламасы кіреді. Жалпы сипаттағы трансфертті есепке алғанда, осы бағдарламаға шамамен 177 млрд теңге бағытталады. Мұнда ең маңыздысы – қаржыландыру жыл сайын ұлғайып келеді», – деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, соңғы жылдары бұл жобаның бюджеті шамамен 7 есеге өскен.
- «Иә, қаражаттың жетіспеушілігі әрдайым бар. Дегенмен өңірлік стандарттар жүйесі бойынша мемлекеттік органдар мен Үкімет жүргізген жұмыстардың нәтижесінде өткен жылдың қорытындысы бойынша ауылдық елді мекендер мен олардың инфрақұрылымының қамтылу деңгейі 64%-ды құрады», – деп толықтырды министр орынбасары.
Бүгінде Қазақстанда 6,2 мың ауыл бар. Қазақстандықтардың 7,6 миллионы ауылдағы ағайындар, бұл дегеніміз ел халқының 38,4%-ын құрайды. 7,6 млн адамның шамамен 550 мыңының (7,5%) күнкөрісі төмен, яғни 43 мың теңгеден аз жалақы алады. 357 мыңнан астам адам (4,7%) жұмыссыз болса, 1,2 миллион адам (33%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына жатады.
Ауыл орталықтан басқарылады…
Кезінде ауыл шаруашылығы министрлігін басқарған Асылжан Мамытбеков:
- Қазақстан Республикасының банктер қызметі» туралы заңына сәйкес, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» өзге бірде-бір банк мамандандырылған банк бола алмайды. «Егер осы норма өзгертілсе, аграрлық банктің құрылуын қолдаймыз. Біздің ойымызша мұндай банк агросекторға пайдалы болар еді«, – деген болатын
Сарапшы -қаржыгер Бейсенбек Зиябеков ауылды қаржыландыру екі мәселе шешілу қажеттігін айтады. Оның алғашқысы ауыл мәселесі шешілуі үшін, ең алдымен, жергілікті өзін-өзі басқару енгізілуі тиіс. Конституциямызда 89-бап бар, онда жергілікті өзін-өзі басқару туралы айтылғанмен бізде қазір бізде өзін-өзі басқару жоқ. Ауыл орталықтан басқарылады. Бұл дегеніңіз жыл басында бөлінген қаржы ауылға жылдың үшінші тоқсанында жетеді. Сарапшы айтқан, күні бүгінге дейін шешімін таппай келе жатқан екенші мәселе Агробанкті құру. Мұның қажеттілігі мемлекеттік деңгейде мойындала бастағанмен, кедіргі көп. Себебі ауылды квазисектор арқылы қаржыландыру, ЕДБ -дің кейбір құрылтайшылары үшін өте тиімді.
3. «ҰЭМ өкілі қаржы елдімекендерді жақсартуға бағытталған түрлі бағдарламаларға бюджеттен шамамен 1 трлн теңге бөлінетінін айтты. Тағы да нақтылық жоқ. Үкімет мұндай мәлімдемемен көп алдына шығу үшін қандай баағдарламадарға бөлінетінін ашып айту керек. Себебі мемлекеттік деңгейде бағдарламаларға кім жауапты болатынын ашып айтқан жоқ, дейді сарапшы.
Сарапшының айтуынша, елім біздің елді аграрлы ел деп таниды. Ресейде, Қыта йда, Өзбекстанда банктер бар.
4. Әлемдік тәжірибеде ауылды қаржыландыру мәселесін мамандандырылған аграрлық, кооперативтік банктер немесе мемлекеттік-жекеменшік серіктестік түріндегі банктер шешеді. Ауыл шаруашылығын қаржыландыру мәселесі сол банктердің ұсынысы бойынша реттеледі. Қазақстанға да ауыл шаруашылығын несиелендірудің көпдеңгейлі жүйесін енгізетін уақыт келді, дейді сарапшы.