Қазақ тілінің цифрлық ұлттық сөздік қоры және ұлттық тіл корпусы заңмен реттелді. Бұл жасанды интеллекттердің (ChatGPT, Алиса және т.б.) қазақ тілінде сапалы жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы бұл маңызды мәселені өз бақылауында ұстап отыр.
![Фото: qadam.asia](https://s.bizmedia.kz/app/uploads/2024/06/kak-vyuchit-kazahskij-yazyk-sovety-ot-eksperta_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, дайындалған заң дарынды жастарды қолдап, мемлекеттік тілді дамытуға мүмкіндік жасап, жасанды интеллектпен үйлестіріп, білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған. Ең беделді халықаралық ғылыми жарыстарда жеңімпаз атанған оқушылар ҰБТ тапсырмай-ақ, мемлекеттік грантпен университетке түсе алады.
«Бұл олардың елде білім алып, Қазақстанның дамуына үлес қосуына жол ашады. Бұрын мұндай мүмкіндік тек олимпиада жеңімпаздарына ғана берілетін», — деді депутат.
Депутат қазақ тілінің барлық нормалары мен ережелері онлайн ашық жүйеде қолжетімді болатынын айтты.
«Бұл бастаманың басты мақсаты – қазақ тілін жасанды интеллектпен үйлестіру және цифрлық әлемде оның сапалы жұмыс істеуіне жағдай жасау», — деді Асхат Аймағамбетов.