
Ет төңірегінде әңгіме қызып тұр. Басым пікір оның болжамды бағасына назар аударып жатыр. Жақын айларда сиыр еті де, жылқы еті де 12 мың теңгеге көтеріледі деген пікір қаттырақ айтылып жатыр. Олардың айтуынша, одан төмен баға мал баққан ағайын үшін тиімсіз.
Ол 2025 жылы 16 ветеринарлық сертификат келісіліп, қол қойылғанын еске салып өтті, Бұл Еуропалық одақ, Ұлыбритания, Ирак, Иран, АҚШ, Канада, Вьетнам, Парсы шығанағы елдеріне және басқа да бағыттарға мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауға мүмкіндік береді.
«Сондай-ақ жайылымдық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін бірыңғай несиелік өнімді іске қосу ұсынылады — жайылымдарды суландыру, мобильді вагондар сатып алу және басқа да ілеспе шығындарды қаржыландыру. Әлеуметтік жағдайлар бөлігінде 55 жасқа толғаннан кейін арнайы әлеуметтік төлемдер алу құқығын қамтамасыз ету мәселесі пысықталуда. Ол үшін Еңбек министрлігінің бұйрығына тиісті толықтырулар енгізу ұсынылады», — деп хабарлады вице-министр.
Оның айтуынша, министрлік мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті.
«Жоспар мынадай бағыттар бойынша шараларды көздейді: жылдық 5-6% жеңілдікпен несиелеу, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және саланы ғылыми қамтамасыз ету, мал азығы базасын нығайту және ветеринарлық қауіпсіздікті күшейту, мал шаруашылығының инвестициялық тартымдылығын арттыру, заманауи технологияларды енгізу, өнімді өткізу мәселелері, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық нарықтарын кеңейту. Оның шеңберінде жылдық 6% мөлшерлемемен өнімділігі жоғары мал басын сатып алуға ұзақ мерзімді жеңілдікті кредит беру бағдарламасын іске асыру жоспарлануда. Бастапқы кезеңде жеңілдетілген қаржыландырумен ІҚМ мен ҰҚМ сатып алуды қамту жоспарлануда», — деп жалғастырды А.Бердалин.
Сарапшылардың айтуынша, ет экспорты мен ішкң нарықты қол жетімді етпен қамтамасыз етуді бір мезгілді қатаралып жүру қиын екенін айтады. Бұл бейнелеп айтқанда былай тартсаң арба сынады. Былай тарсаң өгіз өледі мен бірдей,
Қазақстандағы сиыр етінің экспорттық бағасы орташа алғанда бір килограмына 7,1 долларды құрады. Ағымдағы бағам бойынша бұл шамамен 3,5 мың теңге. Бұл туралы Ет одағынан,
Сонымен қатар, Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылдың 11 айында Қазақстан 29,4 мың тоннадан астам жаңа сойылған немесе тоңазытылған ірі қара мал етін (ІҚМ) экспорттады. Жеткізілімнің негізгі бағыттары Қырғызстан, Тәжікстан, БАӘ, Катар және АҚШ болды.
Ең ірі сатып алушы Өзбекстан болып қалуда — 28,2 мың тонна килограмына 4 доллар шамасында.
Мұздатылған ет 1,9 мың тонна экспортталды, оның 1,6 мың тоннасынан астамы Тәжікстанға тиесілі. Шағын партиялар Қырғызстанға, Өзбекстанға және Қытайға жөнелтілді. Орташа бағасы килограмына 1,99 долларды құрады.
Сонымен қатар Қазақстан Беларусьтен 5,2 мың тоннадан астам жаңа піскен немесе тоңазытылған ІҚМ етін және Ресейден 42,3 тонна етті импорттады. Орташа бағасы килограмына 4,5 доллардан асты.
Тоңазытылған ет 9,3 мың тоннадан астам килограмына 4,7 доллардан астам бағамен әкелінді. Негізгі жеткізушілер — Беларусь (6,1 мың тонна), Украина (1,38 мың тонна) және Ресей (1,28 мың тонна). Сондай-ақ ет Бразилия, Парагвай, Уругвай және Қырғызстаннан импортталды.
Сарапшылардың айтуынша, статистика келісім-шарттарда көрсетілген мәліметтер негізінде қалыптасады. Бұл ретте жекелеген жағдайларда құн салықтар мен баждарды оңтайландыру үшін төмендетілуі мүмкін.
«Егер екі тарап ет сатып алуға келіскен болса, айталық, 3 мың теңгеден, бірақ импорттаушыға қосымша 20% салық төлеу керек болса, қорытынды баға тым жоғары болады. Сонда келісім-шартта салық жүктемесін азайту үшін 1,5 мың теңге көрсетілуі мүмкін, ал қалғандары жеке есептелуі мүмкін», — деп түсіндірді «Қазақстанның ет одағы» ЗТБ бас директоры Мақсұт Бақтыбаев.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта салада мәмілелердің ашықтығын арттыру және нақты келісімшарттық құнды белгілеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Нәтижесінде орташа экспорттық баға бір килограмм үшін 7,1 долларға жетті.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстаннан ірі қара мал етін шығаруға шектеу 2026 жылдың 30 маусымына дейін ұзартылды. Ауыл шаруашылығы министрлігінде түсіндіргендей, бұл шара толық циклді өндірушілерді қолдауға және сыртқы сауда операцияларының ашықтығын арттыруға бағытталған.
Сонымен қатар, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленді. Құжат мал басын көбейтуге, өнімділікті арттыруға және саланың экспорттық әлеуетін кеңейтуге бағытталған мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктерін көздейді.