
Қазақстан газдың ішкі бағасын субсидиялау тетігін қайта қарауда.
Oil Review салалық басылымының талдаушылары мұның неліктен маңызды екенін және елдің энергетика саласындағы тиімсіз тетіктерден қалай кетіп жатқанын түсіндірді. Oil Review жазғандай, Қазақстаның соңғы тұтынушы үшін ең арзан отыны бар үш елдің болуы энергетикалық парадокс тудырды.
- Мұнай мен газдың орасан зор қоры болған кезде Қазақстанға отынның ішкі тапшылығы төніп тұрды,
- Ал инфрақұрылымда жүйелі проблемалар өсті.
- Үкімет экономикалық модельді реформалау және саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру арқылы жағдайды түзетуге тырысуда.
«Қазақстанның газ саласының негізінде жылдар бойы өмірге қабілетсіз экономикалық модель жатыр. Мемлекеттік реттеу газ өңдеу зауыттарын ішкі нарықта сұйытылған мұнай газы мен мұнай өнімдерін операциялық өзіндік құннан айтарлықтай төмен бағамен сатуға міндеттеді», — деп жазады Oil Review.
Іс жүзінде, қазір тек ілеспе газ өндіріледі, ол мұнаймен бірге шығарылады. Соңғы бес жылда оның өндіру көлемі 55-тен 59 млрд текше метрге дейін өсті.
Бірақ мұнай неғұрлым көп өндірілсе, соғұрлым ілеспе табиғи газ шығарылады.
Тауарлық газ өндірісін ұлғайту үшін ілеспе шикі газды тауарлық табиғи газға қайта өңдеуді ұлғайту қажет. Бұл ретте қаттық қысымды ұстап тұру үшін жер астына кері айдаудың қажеті жоқ бос көлемдер жеткілікті.
Қазақстанда 4 ірі газ өңдеу зауыты салынады. Қашағанда екі зауыт, Қарашығанақ пен Жаңаөзенде екі зауыт құрылысы жүргізіліп жатыр. Олардың қашан іске қосылатыны жайлы Үкімет сағатында премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр айтты.
Склярдың айтуынша;
- Қашағандағы бір зауыттың құрылысы 2026 жылы аяқталады.
- Екіншісін пайдалануға беру 2030 жылға жоспарланған. Олардың бірінің жылдық қуаты 1 млрд текше метрді, екіншісінің қуаты – 2 млрд текше метрді құрайды.
- Ал Жаңаөзендегі зауыттың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Ол 2027 жылы іске қосылады.
- Қарашығанақтағы зауыттың қуаты 4 млрд текше метрді құрайды.
- Қазіргі уақытта оның құрылысын жүргізетін мердігер анықталып, дайындық жұмыстары басталып кеткен. Зауыт 4 жылдан кейін, яғни 2028 жылы пайдалануға беріледі.
Сарапшылардың айтуынша, егер қайта өңдеу бойынша қосымша қуаттар салынса, Қарашығанақ газ конденсатты кен орнында да тауарлық газ өндірісін ұлғайтуға болады.
Қазақстандық отын қауымдастығының атқарушы директоры Жақсылық Жанқалов Қашаған, Қарашығанақ және Жаңаөзенде газ өңдеу зауыттарын салу, сондай-ақ Шымкент МӨЗ-ін кеңейту алдағы бірнеше жылда елдегі газ тапшылығын толығымен жабуға мүмкіндік береді деп есептейді.
Сонымен қатар, ол бағаны жасанды түрде қазіргі деңгейде ұстап тұру арқылы реттеуді жалғастыратын болсақ, көрші елдерге бұрынғысынша өте үлкен «сұр» ағындар пайда болатынын атап өтті.
«Бізде Еуразиялық одақ елдері арасында кедендік шекара жоқ. Тек қана тауарлардың ағынын бақыламайтын шекаралық бақылау. Сәйкесінше, біздің ішкі газымыздың осы көрші елдерге ағып кету қаупі өте жоғары», — деп атап өтті Жанқалов.
Оның айтуынша, дизельдік отын мысалында көршілес елдерден келген жүргізушілер Қазақстанға бос бактармен кіріп, өз еліне қарағанда арзан жанармай құйып, қайтып кеткенін көруге болады.
Дизельдік отын мен газдың бағасын көршілермен бірте-бірте теңестіру үшін ғана жағдайды түзетуге болады. Әйтпесе, қанша ресурсты іске асыруға бағыттасаң да, олар бәрібір жетіспейді.