
Төртінші мұнай өңдеу зауытын салу идеясы 2009 жылы, жұмыс істеп тұрған үш зауытты: Атырау, Павлодар және Шымкент зауыттарын жаңғырту туралы мәселе туындағаннан кейін пайда болды. Ол кезде жоба туралы көп әңгіме болды: барлығы ол отын нарығындағы жағдайды тұрақтандыруға және бензин мен дизель бағасын төмендетуге мүмкіндік береді деп үміттенді. Бірақ жобаның бағасына келгенде ұсыныстан бас тартқаны белгілі болды.
Себебі ескі үш зауыттың жаңғыртылуы сол кездегі есеп бойынша 3.5 млрд доллар, ал жаңасының құрылысы 6 млрд долларға бағаланды. Жалпы, бұл мәселе сол кездегі Энергетика және минералдық ресурстар министрі Суат Мыңбаевтың таңдауы жаңғырту пайдасына шешілді.
Жаңа мұнай өңдеу зауытын салу мәселесінің айтылып жүргеніне он жылдай уақыт болды. Бұл мәселе жақында шешімін тапқандай болды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстанда төртінші мұнай өңдей зауытын салу жобасына осы бастан дайындала беру қажеттігін айтты. Болжамға қарағанда, 2050 жылға қарай Қазақстанда халық саны 27,7 млн адамға жетеді. Қазір жұмыс істеп тұрған үш мұнай өңдеу зауытын кеңейткеннің өзінде, 2036 жылға қарай дизель отыны жетпей қалады.
«Дефицитті болдырмас үшін, жылына 10 млн тонна өнім шығара алатын төртінші зауытты осы бастан жоспарлай беру керек. Мұндай зауыт болашақ мұнай-химия кластерінің ошағына айналады», – деп есептейді министр.
Қазақстанға жаңа мұнай өңдеу зауытын салудың маңызды екенін түсінуге 10 жыл қажет болды
Мұнай саласы сарапшысы Асқар Исмаилов мұнай өңдеу саласының дамуын жаһандық сын-қатерлерге бейімделу қажеттілігімен де байланыстырады. Халықаралық энергетикалық агенттіктің деректерінде бойынша мұнайға, демек, мұнай өнімдеріне деген сұраныс 2050 жылға өсе беретіні айтылған. Бұл ретте көбінесе халық пен автомобильдер саны өсетін дамушы Азия елдерінде.зауыттарды шикізатпен қамтамасыз етуде проблемалар бар. МӨЗ-ге мұнайды негізінен ҚМГ және тәуелсіз өндіруші ұйымдар жеткізеді. Бірақ шағын өндіруші компаниялар игеретін кен орындары таусылады, тиісінше оларда өндіріс қысқарады, Себебі кен орнынан алынатын 100 литр шикізаттың 15 литрі ғана таза мұнай, 85 — бұл жай ғана су.
Мамандардың пікірінше, МӨЗ-дің қазіргі орташа жүктемесі шамамен 70 пайызды құрайды, ал бұл жабдықтың жұмысына және мұнай өңдеу тереңдігіне кері әсерін тигізеді. Мысалы, өткен жылдың қорытындысы бойынша Атырау МӨЗ-нің мұнай жүктемесі 65 пайызды, Павлодар — 58 пайызды, Шымкент — 71 пайызды құрады. Биыл үш МӨЗ тағы да 12 млн тоннаға жуық мұнай өңдеуді жоспарлап отыр және бұл көрсеткіш 4 жыл бойы байқалып келеді.
«Бізде қазір біздің МӨЗ-дерді шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі өткір тұр. Теңiз бойынша келiсiм-шартты ұзарту шарттарының бiрi кен орны операторының iшкi рынокқа белгiлi бiр мұнай көлемiн жеткiзу мiндеттемесi болуы мүмкiн. Әрине, ТШО осыған байланысты кірістерін аздап жоғалтуы мүмкін, себебі мұнайдың ішкі бағасы экспорттық бағамен салыстырғанда төмен. Бірақ теңіз мұнайынсыз қазақстандық МӨЗ-дерді шикізатпен қамтамасыз ету қиын болады», — деп есептейді Асқар Исмаилов.
Сарапшының пайымдауынша, 2033 жылға қарай Теңіздегі өндіру көлемі қазіргі көлемнен шамамен 20% -ға төмендейді. Яғни, егер қазір олар жылына 40 млн тоннаға шыңға шыға алатын болса, 2035 жылға қарай шартты түрде бұл жылына 30 млн тоннадан кем, мүмкін 25 млн тоннадан кем болады. Оның ішінде ТШО ішкі нарыққа жылына 5-7 млн тонна сатуы мүмкін.Атырау МӨЗ осыған дейін жаңғыртудың үш кезеңінен өтті. Алайда, сарапшының айтуынша, зауыт бұдан жаңарған жоқ, себебі жаңғырту — зауыттың барлық жабдықтары ауыстырылды дегенді білдірмейді.
Үкімет биыл «2024-2050 жылдарға арналған ҚР мұнай өңдеу саласын дамыту тұжырымдамасын» бекітті, онда 2032-2040 жылдары қуаттылығы жылына 10 млн тонна болатын жаңа МӨЗ салу қажеттігі көрсетіледі.
Бізге Тұжырымдама емес, міндеттейтін Құжат керек
Алайда сарапшының пікірінше, тұжырымдама ешкімді ештеңеге міндеттемейді және жобаның іске асырылатыны да факт емес.Күні бүгінге дейін мемлекеттік деңгейде қабылданған Тұжырымдалар бүгін төртінші зауыт керек десе, ертең қажет еместігін 100 түрлі себеппен дәлелодеп шығады. «Бізде үш зауыттың өзі кейбір кезде қаңтарылып бос тұрады деген пікірлер көп айтылады. Жылына 90 млн тонна мұнай өндіретін елде зауыттың қаңтарылып бос тұруы күлкілі жағдай. Жаңа зауыт мұнайдың экспорттық саясатына өзгеріс енгізеді. Бізге жаңа зауыт салып, артығын Қырғызстанға, Өзбекстанға немесе Ауғанстанға экспорттау керек. Қазiргi уақытта Қазақстан өз мұнайының 70% -дан астамын шетелге экспорттайды, ал 30% -ға жуығы одан әрi өңдеу үшiн iшкi рынокқа кетедi. Әрине, мұнай өнімдерін экспорттау жай ғана шикі мұнайға қарағанда тиімдірек. «Қазір Теңіз, Қашаған және Қарашығанаққа ел бойынша барлық өндірістің 70% -ға жуығы тиесілі және болашақта бұл көрсеткіш 80% -ға дейін өседі. Осы үш кен орнын игеріп жатқан компаниялар ішкі нарыққа мұнай жеткізіп, оны қайта өңдеп, шетелге мұнай өнімдерін сатуға мүдделі болуы үшін нарықтық жағдай жасау қажет» дейді сарапшы