
Алматыда өткен тәуелсіз сарапшылар кеңесінде базалық мөлшерлемені көтеру бағаны ұстап тұру және теңгенің тұрақтылығын қолдау үшін қажет екені айтылды. Мұндай уақытта банктер пайыздық мөлшерлемені көтереді немесе уақытша «тайм аут» алады.
Мөлшерлемені көтергенде:
• Несиелер қымбаттайды — адамдар мен бизнес ақшаны азырақ қарызға алып, азырақ жұмсауы тиіс, демек — бағалар баяу өсуі тиіс.
• Депозиттер пайдалырақ болады — адамдарға ақшаны жұмсау емес, банктерде сақтау пайдалырақ. Жинақтау кезеңі басталады.
• Теңге бағамы нығаюда — себебі ұлттық валютаға салынатын салымдар тартымды бола түсуде.
Қарапайым айтсақ: мөлшерлемені көтеру — бұл инфляцияны төмендетуге, бағаны ұстап тұруға және теңгені нығайтуға көмектесетін шара.
Еске салайық, базалық мөлшерлеме мәселесі бойынша өткен отырыста (ол сақталған кезде) Ұлттық банк алдағы айларда инфляция айтарлықтай баяуламайтынын және олар ақша-кредит саясатын қатаңдатуы мүмкін екенін атап өткен болатын. Бұл жағдайда олар инфляцияны мақсатты 5 пайыз деңгейіне қайтару үшін базалық мөлшерлемені көтеру мәселесін қарауға уәде берді.
• Яғни, несиелер мен тұтынушылық қарыздарды алудан гөрі ақша жинақтау тиімдірек кезең келеді — жинақтау және неғұрлым сақтықпен жұмсау кезеңі басталуы тиіс, ол оның ішінде жоспар бойынша инфляцияны тежеуде өз рөлін атқарады.
Бастапқыда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 2025 жылдың соңына дейін көтеруді ойламаған тәрізді. Тамыз айының соңында өткен отырыста ол бұрынғы 16,5% деңгейінде сақталды. Бірақ реттеуші базалық мөлшерлемені қазан айында одан әрі көтеру мүмкіндігіне жол беретінін анық көрсетті. Ең болмағанда, «инфляция қарқынының айтарлықтай баяулауы болмаған» кезде.
Нәтижесінде инфляцияның ешқандай бәсеңдеуі болған жоқ. Керісінше, ол қыркүйекте кенеттен 12,9% -ға дейін жылдам өсті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инфляцияны әлсірету, халықтың табысын көтеру туралы тапсырмасы Ұлттық банктің шешімін күрт өзгертуіне себеп болғанға ұқсайды.
Қаржы сарапшысы Андрей Чеботаревтің пікірінше, мұндай мөлшерлемемен банктерге қазақстандықтарға ипотекалық несие беру тиімсіз болады.
Сарапшы 2025 жылдың 1 қарашасынан бастап Қазақстанда ипотека бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме 25% -дан 20% -ға дейін төмендетілетінін хабарлады.
«Бұл 1 қарашадан бастап Қазақстанда кез келген ипотека 20% -дан аспауы тиіс деген сөз. Демек, базалық мөлшерлемесі 18% болатын елде кез келген коммерциялық ипотека тоқтайды. Тек бір ғана Отбасы банкі қалады» деп жазды Чеботарев өзінің Telegram-каналында
Базалық мөлшерлеменің әрбір тармағындағы өзгерістердің нарыққа әсері көп кешендерінкүттірмейді. Бізде инфляция өте жоғары. Егер Ұлттық банктің сайтына кіретін болсақ, онда жылдық инфляция шамамен 13%, ал олардың таргеті 5%. Яғни, екі еседен асып кеткен. Базалық мөлшерлеме мен ипотеканың арасындағы айырмашылық 4-6 тармақтан кем емес, ал кейде одан да көп болуы тиіс.
Чеботарев ағымдағы шешім қазақстандықтарға ипотеканы тек мемлекеттік бағдарламалар немесе Отбасы банкі бойынша ғана беруіне әкелуі мүмкін деп санайды. Бұл нарықты монополияландыруға әкеледі.
Белгілі қаржыгер Ораз Жандосов бізбен әңгімесінде теңге бағамы соңғы айларда едәуір әлсірегенін айтты. Импортқа тәуелді экономика үшін бұл бірден бағаға әсер етеді: бизнес шығыстары мен тауарлар құны өсуде. Сарапшының айтуынша, базалық мөлшерлемені көтергеннен кейін қазан және қараша айларындағы инфляция көрсеткіштеріне қарау қажет болады. Бәлкім, Ұлттық банктің қатаңдығы жыл соңына дейін бағаның өсуін төмендететін шығар.
Инфляцияны шын мәнінде төмен мәндерге дейін «тыныштандыру» мүмкін емес
Мұндай жағдайда базалық мөлшерлемені көтеру — инфляцияға қарсы құрал ғана емес, ұлттық валютаны қорғау тәсілі. Оның айтуынша, мөлшерлемені көтеру ұлттық валюта үшін қолайлы, өйткені ол девальвацияны тежеудің монетарлық тәсілі.
Экономика үшін айналымдағы қаржының қызыл сызықтан асып кетуі де қауіпті. Сарапшының айтуынша, Ұлттық банк жыл басынан бері айналымнан шамамен 6 трлн теңгені кері қайтарып алды. Енді Ұлттық банк инфляция нарықтың барлық сегментінде тереңдеп кетпеу үшін мөлшерлемені көтеріп, несиелердің жолын жауып отыр. Үкімет те, Ұлттық банк те бұл нарықты салқындатып, несиеге деген сұранысты кейінге қалдыруы мүмкін. Себебі осыған дейін 17 пайызбен несие алып келген адам енді 20-22 пайыз қалтасына ауыр соғатынын түсінеді.
Сарапшымыздың айтуынша, Ұлттық банк әсерді бағалау құқығын өзіне қалдырып отыр. Егер, бұл шешім үмітте ақтамаса, қараша айында базалық мөлшерлеме тағы да көтерілетінін Ұлттық банк ашық айтып отыр. Ұлттық банк ашық ойын ережесіне көшті. Инфляция тым бәсеңдеп, құлдырау басталса, мемлекет қайтадан ақшаны арзандата бастайды — мөлшерлемені төмендетеді.
Мөлшерлемені көтеру — ауыр, бірақ қажетті қадам екенін айтқан Жандосов Ұлттық банк өте қиын жағдайда қалғанын ашып айтып отыр. Бірақ тек монетарлық шаралар ғана жеткіліксіз — мемлекеттік шығыстарды қайта қараусыз инфляцияны жеңуге болмайды. Ұлттық банк үшін басты сын-қатер — экономиканы тұншықтырмай инфляцияны тоқтату.
Ұлттық банк базалық ставканы бұрынғы 16,5%-дан 18%-ға дейін күрт көтерген кезде Ресейдің өзінде орталық банкі базалық мөлшерлемені 17%-ға дейін төмендетті
Сарапшылары жыл аяғына дейін тағы да 15 пайызға төмендеуі мүмкін екені айтылып жатыр.
Ұлттық банктің базалық ставканы күрт көтеруі банктердің кредит беруден табатын маржасын (депозит түрінде тартқан қаржының құны мен ипотека ставкасы арасындағы айырманы) қатты азайтты.
Сонымен бірге ипотекалық несиелендірудің қашан қайта басталатынын да банктер айтпады. Қайта ашылса, кредит беру шарттары өзгере ме, ол да белгісіз.
Осылайша, бүгінде қайталама нарықтағы баспанаға ипотека алуға өтінішті тек «Отбасы банкіне» беруге болады. Оның өзінде несие біраз уақыт жинақ жинағандарға ұсынылатыны белгілі.
Мөлшерлемені көтеру ақшаның салмағын көтеретінін сарапшылардың бәрі айтады.
Келесі сарапшы Арман Бейсембаевтың айтуынша, қазіргі беталыс нарықтағы әрбір қозғалыстың құны көтеріледі. Көптеген экономистедің қатаңдатуды ертерек бастау керек деген пікірі Ұлттық банк сезіп-естіп отыр. Көптеген сарапшылар мұны кешіктірілген шешім деп қабылдаса да бас банк есептен жаңылмағанын көріп отырмыз. Соңғы шешім нарықтағы теңгерімді қалпына келтіруге бағытталды.
Ал артықшылық депозиттердің жылдық мөлшерлемесі 18 пайыздан асады
Бұл соңғы 25 жылдағы ең ірі көрсеткіш. Мұндай жағдайда халық қолындағы капиталды сақтау үшін баламалы көздерді іздеуі керек. Ұлттық банк монетарлық реттеуші ретінде экономикадағы ақшаның құнын көтереді, осылайша өзін-өзі сақтаудың жинақ моделін ынталандырады. Базалық мөлшерлеменің өсуі теңгелік активтерді тартымды етеді, ал депозиттер — тиімдірек, себебі енді олардың кірістілігі 18% -ға жақындап қалды. Оның айтуынша, мұндай шара тұтынушылық сұранысты тежеп, инфляцияны баяулатуға көмектеседі.