
2025 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанда 11 мыңнан астам интернет-алаяқтық оқиғасы тіркелді.
- Шығынның жалпы сомасы 25 миллиард теңгеден асты. Бұл — күн сайын алданған ондаған отбасы.
- Құрғақ сандардың артында — нақты оқиғалар.
- Егде адамдар өмір бойы жинаған жинақтарын жоғалтады.
- Студенттер инвестиция ретінде тұзаққа түседі.
- Тіпті ересектер мен білімді адамдардың өздері де зиянкестерге өздерінің активтеріне, банк шоттарына рұқсат береді.
Алаяқтық несиелерді есептен шығара алатыны туралы Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев айтып берді.
Сот актісі негізінде:
- үшінші тұлғаның клиенттің сәйкестендіру құралдарын заңсыз алуы және пайдалануы, оның ішінде кредитордың қызметтерін қашықтықтан көрсетуді бағдарламалық қамтамасыз етуді қашықтықтан басқаруды пайдалану жолымен қарызды ресімдеу кезінде;
- кредитор Агенттіктің (қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі) нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ішкі және сыртқы алаяқтық фактілерін анықтау, тіркеу және талдау жөніндегі талаптарды бұзған»,
Оның айтуынша, мынадай талаптардың бұзылуымен берілген алаяқтық несиелерді соттан тыс есептен шығару негіздері кеңейтілді.
* кредиттер шарттарын жасасу кезінде кредитор бөлімшесінде жаңа қарыз алушылардың жеке қатысуымен; кепілсіз тұтыну қарыздарын беру кезінде азаматтардың жекелеген санаттарының келісімін алу;
* кепілсіз тұтынушылық қарыздарды беру кезіндегі «салқындату кезеңі»;
* клиентті биометриялық сәйкестендіруді жүргізу.
Бұл ретте, банктік қарызды алаяқтық тәсілмен ресімдеуге байланысты қылмыстық құқық бұзушылық бойынша жеке тұлғаны жәбірленуші деп тану туралы құқық қорғау органдарының қаулысы болған кезде кредиттерді есептен шығаруды банктер мен МҚҰ жүргізетін болады.