
Қазақстанда 2025 жылы атаулы жалақы өсімі орын алуда, бірақ сарапшылар нақты өсім (инфляцияны ескергенде) өте төмен екенін, ал мамандар мен әскерилердің кейбір санаттары айтарлықтай өсім алуы мүмкін екенін көрсетеді. Сарапшылардың атап өтуінше, жоғары инфляция номиналды өсімді жоққа шығарады, ал жұмыскерлер ақшаны ғана емес, сондай-ақ құрметке, дамуға және ыңғайлы жұмыс атмосфераға басымдық береді. Бұл ретте қазақстандықтардың көпшілігі орташа жалақыдан төмен жалақы алуда. Алайда өсім 20%-дан асатын салалар бар.
«Ең көп өсім ақпарат және байланыс саласында — 24%, ауыл шаруашылығында — 23,7% және электрмен жабдықтауда — 17%байқалды. Төмендеуге келетін болсақ, ол құрылыста — 0,7 пайыз шамалы болып шықты, ал білім беру, денсаулық сақтау, әкімшілік және қосалқы қызметтер сияқты салаларда жалақының өсуі аз байқалды», — деп түсінік берді Ұлттық статистика бюросының еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаментінің бас сарапшысы Гүлнұр Ахметқали.
Экономистердің пікірінше, бизнес үшін бұл жыл өте шиеленісті: тұрақты емес бағам, салық кодексіндегі өзгерістер және тарифтердің өсуі, осының бәрі кәсіпкерлерге жалақыны көтеруге мүмкіндік бермейді.
Сарапшылар табыстың өсуі бойынша ТМД-да аутсайдер болып қалғанымызды айтып жатыр.
Ал Halyk Financе мұның себебін басқадан іздепті
Олардың айтуынша Қазақстанда еңбек өнімділігінің төмендігі жалақының айтарлықтай өсу әлеуетін шектейді, деп атап көрсетеді Halyk Finance.
Төмен жалақы тұтынушылық сұранысты шектейді, ішкі өндірістің және жалпы экономиканың дамуына әлсіз ықпал етеді, деп атап көрсетеді сарапшылар. Еңбек өнімділігін арттырусыз бұл проблеманы шешу мүмкін емес, алайда тежеуші факторлардың бірі мемлекеттің экономикаға айтарлықтай қатысуы болып табылады.
Өз кезегінде, ведомствоның пікірінше, ай сайынғы базалық қажеттіліктерді қандай табыс жабады деген сұраққа еңбек вице-министрі Асқарбек Ертаев жалақы орташа жалақыдан төмен болмауы тиіс деп жауап берді. Оның айтуынша, Қазақстанда орташа жалақы 400 мың теңгені құрайды, медианалық жалақы — 288.
«Мемлекеттің белсенді қатысуының қалыптасқан моделі негізінен нарықтық тетіктерді алмастырады, бұл жүйелі салдарларға әкеледі: бәсекелестік қағидаттары бұзылады, баға сигналдары бұрмаланады және бизнестің инновацияларды енгізуге және өнімділікті арттыруға ынтасы әлсіреді. Соның салдарынан компаниялардың нарықтық жағдайларға бейімделу және халықаралық бәсекелестікке төтеп беру қабілетіне емес, мемлекеттік қолдауға тұрақты тәуелділігі қалыптасады. Осыған байланысты Қазақстан үшін мемлекеттің тікелей араласуын қысқарта отырып, шикізаттық емес сауда салаларын дамытуға баса назар аудара отырып, экономиканы әртараптандыру стратегиялық басымдық болуы тиіс», — деп қорытындылады сарапшылар.
Тұтастай алғанда, фискалдық ынталандыру төмендейтінін ескере отырып, жаңа өсу драйверлері болмағанда, біз ағымдағы жылдың соңына қарай еңбек өнімділігінің өсу қарқынының айтарлықтай баяулауын болжап отырмыз.