
Енді қазақстандықтар бұрынғы пайыздық мөлшерлеме мен шарттарды сақтай отырып, әлдеқайда қымбат тұрғын үй сатып ала алады.
Ұлттық банк басқармасының 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 59 қаулысына сәйкес бағдарламаға қатысушылар үшін тұрғын үйдің шекті құны ұлғайтылды.
- Астана, Алматы, қала маңы, сондай-ақ Ақтау, Атырау және Шымкент қалалары үшін лимит 25 млн теңгеден 30 млн теңгеге дейін өсті.
- Қарағандыда тұрғын үйдің максималды құны 20 млн-нан 25 млн теңгеге дейін,
- ал қалған өңірлерде — 15 млн-нан 20 млн теңгеге дейін көтерілді.
Бұдан басқа, қарыз алушылар енді төлем қабілеттілігін растау үшін тең қарыз алушыларды ғана емес, кепілдіктерді де тарта алады. Бұл ретте бағдарламаның түйінді шарттарының бірі бұрынғыша қалып отыр: қарыз алушының тұрақты табыс көзі болуы тиіс.
Ұлттық банк бұл өзгерістер тұрғын үйдің қолжетімділігі мен ипотекалық шарттардың икемділігін арттыруға, әсіресе жылжымайтын мүлік бағасының өсуі жағдайында бағытталғанын атап өтті. «7-20-25» бағдарламасының қалған параметрлері өзгеріссіз қалады.
Естеріңізге сала кетсек, бағдарлама 2018 жылдан бастап жұмыс істейді және бастапқы жарнасы 20% -дан 25 жылға дейін 7%жылдық мерзіммен ипотеканы көздейді. 2025 жылғы 2 қазандағы деректер бойынша, «7-20-25» шеңберінде жалпы сомасы 1,15 трлн теңгеге 81,9 мың кредит берілді.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде пәтерді толық бағаға сатып алудың орнына депозитке ақша салу, ал тұрғын үйді 7-20-25 бағдарламасы бойынша 7%төмен мөлшерлемемен ипотекаға алу ұсынылып отырған қаржылық стратегия белсенді талқыланған болатын.