
Мемлекет басшысы Жолдауында Ұлттық банк пен Үкіметке банктердің бос жатқан қаржысын экономиканың айналымына тартудың жолын табуды тапсырды. Алайда қаржы ұйымдары әлі де нақты секторды несиелеуге құлықсыз. Мемлекеттің бизнесті ұзақ мерзімге қаржыландырсақ деген жоспары банктерге.
Олар қысқа мерзімге беріп, тез пайда тапқысы келеді. Ал ұзақ мерзімді жобаларды қолдау тәуекелді әрі табысы аз болғандықтан, банктер одан қашады.
- Қазақстанда 2025 жылғы қаңтар-тамызда негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 11 543,1 млрд теңгені құрады.
- Салыстырмалы бағада бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14,3% -ға өсуді білдіреді
Басты проблема
- инвестициялардың жалпы көлеміндегі банктер кредиттерінің шамалы үлесі (3,5%), бұл банк жүйесінің нақты сектордың ұзақ мерзімді жобаларын барабар қаржыландырғысы келмейтінін білдіреді.
- Бұл ауытқу екі теріс салдарға әкеледі.
- бiрiншiден, ауқым мен сапаны шектеу, өйткенi кәсiпорындардың өз қаражаты технологиялық қайта жарақтандыру үшiн қажеттi iрi, капиталды қажетсiнетiн және ұзақ мерзiмдi жобаларды iске асыру үшiн жеткiлiксiз.
- Екіншіден, біз нарықтық ынталандырудың бұрмаланғанын көріп отырмыз. Мемлекет негізгі инвестор рөлін өзіне алуға мәжбүр, бұл инвестициялауды салық төлеушілерге, яғни Қазақстан азаматтарына ауыстыра отырып, нарықтық тетіктерді алмастырады.
Қаржы саласының маманы Айбар Олжайдың айтуынша, банктердің балансында артық өтімділік жеткілікті. Бір триллион теңгеден астам қаржы банктердің өз шоттарында бос тұр. Ол қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етеді, бірақ экономикаға жұмыс істемей жатыр. Банктердің көбі азаматтарға тұтынушылық кредит берумен шектелуде. Ал бұл халықтың қарызын арттырып, тұтынуын көбейтеді. «Кәсіпорын қарызын қайтара алмауы мүмкін, банкротқа ұшырайды деген қауіп бар. Оның үстіне кәсіпкерлер үшін пайыздық мөлшерлеме тым жоғары. 22-24 пайызбен ешкім несие ала алмайды. Шын мәнінде бизнеске 7-8 пайыздық арзан қаржы қажет. Бірақ банктер мұндайға бармайды, себебі базалық мөлшерлеме жоғары, – деді Айбар Олжай.
Сарапшының айтуынша, қазіргі жағдай тұйық шеңберге айналған.
Түйін
Банктер мемлекеттен қосымша ынталандыру күтуде. Банктердің табысына салынатын салық 25 пайызға көтерілді. Енді жаңа Салық кодексі аясында егер банктер экономикаға қаржы бағыттаса, оларға салықтық жеңілдіктер беру тетігі қарастырылып жатыр. Бұл 2026 жылдан бастап іске асуы мүмкін. Демек биылғы бастамалардың жемісін келер жылы көретін боламыз.