
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «New Silk Way» VII халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумына қатысушыларды қарсы алды.
«Форум бүкіл өңірдің көшбасшыларын, сарапшылары мен бизнес өкілдерін біріктіретін Еуразияның болашақ көлік жүйесін талқылаудың негізгі алаңына айналды. Форумның ғасырлар бойы Ұлы Жібек жолының ажырамас бөлігі болған Алматыда өтуінің символдық мәні бар. Бүгінде Алматы Шығыс пен Батысты, Солтүстік пен Оңтүстікті байланыстыра отырып, Еуразиялық интеграцияның маңызды торабы рөлін атқаруда. Бұл стратегиялық жағдай мегаполистің қарқынды дамуына ықпал етеді», — деп атап өтті Дархан Сатыбалды.
Әкім қала экономикасының маңыздылығын атап өтті. Алматы Қазақстан экономикасының бестен бір бөлігін өндіреді. ЖІӨ жан басына шаққанда 29 мың долларға жетеді және бұл табыста қала тұрғындары мен олардың еңбегі ерекше рөл атқарады.
Ол Алматының көлік және логистикалық инфрақұрылымы туралы да айтып берді. Қалада қазiргi заманғы автомобиль, темiр жол және авиация инфрақұрылымы орналасқан, бұл одан әрi даму үшiн өсу нүктелерiн құрады.
Сатыбалдының айтуынша, «Бір белдеу, бір жол» бастамасына ерекше көңіл бөлінеді. « Тек соңғы үш жылда ғана Алматы көлік дәлізі арқылы жүк тасымалы 73% -ға өсті. Бүгінде қалада ірі көлік және логистикалық компаниялар шоғырланған», деп толықтырды ол.
Әкім сондай-ақ қалалық көлік пен инфрақұрылымның дамуын атап өтті. Метрополитенді кеңейту жалғасуда, LRT құрылысы жобалары іске асырылуда, сондай-ақ Алматы әуежайын Еуразияның жетекші хабтарының біріне айналдыру мақсаты бар.
Дархан Сатыбалды жаһандық жеткізілімдерді қайта конфигурациялау және көлік бағыттары арасындағы бәсекелестіктің күшеюі үлкен бейімделу мен тиімділікті талап ететінін атап өтті.