Тұрғын үй нарығы: Пәтер бағасы өсті…

Елде үш жыл ішінде пәтер 40% қымбаттады

Қымбатшылыққа сұраныстың артуы, зейнетақы қорынан ақша алуға рұқсат беру, доллар бағамының өсуі, құрылыс материалдарының қымбаттауы (бірінші нарықтағы өзгеріс ұсталған үйге де әсерін тигізеді), 2022 жылы құрылыс қарқынының бәсеңдеуі ықпал етті.

·        Биыл шілде айында жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрі республика бойынша орта есеппен 528,5 мың теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 9,6%-ға жоғары.

·        Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ең үлкен өсім Павлодарда байқалды – бағалар 25,8%-ға өсіп, 1 шаршы метрі 451,1 мың теңгеге жетті. Қызылорда мен Алматыда баға 15,3%-ға көтеріліп, сәйкесінше 386,3 мың және 647,7 мың теңгені құрады. Ал Шымкентте өсім 14,9% болып, шаршы метрі 502,6 мың теңгеге дейін жетті.

Астанада жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрі орташа есеппен 595,5 мың теңге болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,2%-ға қымбат.

Екінші нарықта баспана бағасы бір жыл ішінде 7,3%-ға өсіп, ел бойынша орташа мәні 551,9 мың теңгені құрады.

Ақтөбеде екінші нарықтағы баспана бағасы 19%-ға өсіп, 1 шаршы метрі 343,1 мың теңгеге жетті. Павлодарда өсім 15,8%-ды (423,2 мың теңге), ал Талдықорғанда 12,6%-ды (393,1 мың теңге) құрады.

Астанада қайта сату бағасы 3,1%-ға өсіп, шаршы метрі 652,5 мың теңге болды, Шымкентте – 2,1%-ға (427,9 мың теңге) қымбаттады. Алматыда өсім анағұрлым жоғары – 14,4%, шаршы метрі 688,5 мың теңгеге жетті.

Тек Өскеменде ғана баға төмендеп, бір жыл ішінде 1,4%-ға азайып, 1 шаршы метрі 375,9 мың теңгені құрады.

Ел бойынша жалға алу бағасы бір жылда 8,2%-ға өсіп, 1 шаршы метрі орта есеппен 4,5 мың теңгеге жетті.

Ең үлкен өсім Ақтөбеде тіркелді- жалдау ақысы 32,6%-ға өсіп, шаршы метрі 3 мың теңге болды. Семейде бұл көрсеткіш 23,2%-ға (3,5 мың теңге), ал Көкшетауда 21,6%-ға (3,3 мың теңге) артты.

Алматыда жалдау ақысы 2%-ға өсіп, 5,3 мың теңгеге жетсе, Шымкентте – 7,7%-ға (3,9 мың теңге), Астанада – 16,2%-ға (5 мың теңге) қымбаттады.

Биыл маусыммен салыстырғанда, шілдеде алғашқы нарықтағы тұрғын үй бағасы 0,2%-ға, екінші нарықта – 0,9%-ға, ал жалдау ақысы – 0,8%-ға өсті.

Сарапшылар не дейді

Сарапшылар нарықтағы бағаның күрт өсуін мемлекеттің араласуымен байланыстырады. Арзан ипотека, зейнетақы жинақтарын шешу мүмкіндігі – бәрі сұранысты күрт арттырып, бағаны көтеріп жіберді.

Арман Бейсембаевтың айтуынша,   мемлекет соңғы жылдары үлкен көлемде тұрғын үй салды, бірақ олардың сапасы жиі сынға ілігуде. Алдағы уақытта мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары қысқарып жатыр. Енді тек әлеуметтік санаттағы азаматтарға арналған жобалар ғана сақталып қалуы мүмкін.

Жылжымайтын мүлік нарығы бір қарағанда қызу көрінгенімен, сарапшылар оның баяу дағдарыс кезеңінен өтіп жатқанын айтады. Бағаның өсуі тоқтауы мүмкін, ал құрылыс саласының болашағы жаңа ережелер мен сұраныстың төмендеуіне байланысты күрделене түспек. Мемлекет бұл дағдарыстың әлеуметтік салдарын жұмсартудың жолын табуы тиіс.

Продолжая тему:
Доллар бағасы интервенцияның құшағына сыймай қалды
11 августа 2025 в 21:42
ДТП в Казахстане: за полгода — 955 погибших
16 июля 2025 в 17:45
Тұрғын үй нарығы: Пәтер бағасы өсті…
11 августа 2025 в 21:33
В Казахстане впервые за долгое время снизилась стоимость новых автомобилей
9 августа 2025 в 10:36
Глава государства провел телефонный разговор с Премьер-министром Армении
11 августа 2025 в 21:23
Спасатели МЧС Казахстана обнаружили фрагменты пропавшего вертолета
26 июля 2025 в 11:53
Ұлттық банк банктер үшін ең төменгі резервтік талаптарды күшейтті
11 августа 2025 в 21:10
Слепые снова увидят? Ученые нашли способ восстановить зрение с помощью улиток
7 августа 2025 в 12:37
Вокзалы Алматы-1 и Алматы-2 переданы в управление КТЖ
11 августа 2025 в 21:02
В Павлодаре с августа подорожало электричество
8 августа 2025 в 14:25
Алматинская область живёт активным бизнесом и инвестициями
11 августа 2025 в 20:46
Миллиард тенге мог исчезнуть из-за чиновников: прокурорам удалось вовремя вмешаться
8 августа 2025 в 17:38
Подведены итоги комплексного тестирования для поступления в магистратуру
11 августа 2025 в 20:30
Как медь помогает мозгу в старости? Исследователи сделали заявление
9 августа 2025 в 13:49
Спасатели МЧС устанавливают оконные блокираторы для безопасности детей
11 августа 2025 в 20:16
Спутниковая связь: Beeline предлагает Starlink кое-что сделать в Казахстане
8 августа 2025 в 11:07
В Казахстане ведется масштабная работа по созданию условий для всестороннего развития молодежи
11 августа 2025 в 19:56
Несладкий чай оказался полезнее, чем думали — почему?
8 августа 2025 в 19:21
В Туркестанской области выявлено нелегальное оборудование для обхода сотовой связи сим-бокс
11 августа 2025 в 19:37
Home Credit Bank изменил условия рассрочки
8 августа 2025 в 12:57
Президент төрағалығымен өткен жасанды интеллектіні дамыту туралы кеңесте не айтылды
11 августа 2025 в 19:18
В Алматинской области началось строительство первой атомной электростанции
9 августа 2025 в 13:53
Токаев потребовал срочно перестроить систему кибербезопасности
11 августа 2025 в 19:11
Бензин по 210 тенге и выше: топливо в Казахстане продолжает дорожать
8 августа 2025 в 17:06