Алакөл Үкіметтің назарынан тыс қалды деген пікірдің айтыла бастағалы кеше емес, талай жылдың жүзі болды.

Кешелі бері Президент ескертпесен кейін Үкіметтің бұл бағытқа назар аударылып жатқанын көргенде «Президент ескертпесе не болар еді» деген санамызды тілгілеп барып, бүғып қалды. Белгілі журналист Диас Нұрақын әлеуметтік желідегі парақшасында «Біздің Үкімет пультпен басқарылатын робот сияқты. Тоқаев түймесін баспаса бедірейіп отыра береді. Алакөлдегі жағдайды айтып еді жанталасып жиын өткізіп, жалма-жан жағдайды бақылауға алыпты. Біздің елдегі туризмнің «тупить» етіп тұрғанына талай жыл болды ғой. Президенттің пәрменін күтіп отырмай ерте көктемде неге қимылдамады екен?» деп жазыпты.
Алакөлге барып демалуға ақшасы жетпейтіндер Жерорта теңізін жағалайды
«Жаны бар сөз. Мәселен, Ақшидегі Grand Villa деген қонақүйге бір түнеп шығу үшін 200 мың теңге төлейсің. Бұл ақшаға тек таңғы ас қана кіреді. Ал, түскі және кешкі асты сатып алып ішесің. Бір отырғанда 50-60 мың теңге тастап кетесің. 0,25 кока-коланы 1500 теңгеден сатады. Басқасының бағасын айтпасам да түсінікті шығар?! Өткен аптадағы аптапта Алматының тең жартысы Ақшиге ағылыпты. Тик-токтағы видеолардан трассада ондаған шақырымға созылған кептелістің пайда болғанын аңғардым. Осының бәрі Тоқаевтың құлағына жеткен екен. Инфрақұрылым, сервис пен қауіпсіздік нашар депті президент. Сондықтан Үкіметке туристік нысандарды түгел тексеруді тапсырды.
депті журналист Фейсбуктегі парақшасында.
Алакөл сенің орның ала бөтен
Бір ғана Ыстық көлімен ел бюджетінің қомақты бөлігін толтырып отырған қырғыз ағайындардың біздің Алакөлге «ех шіркін» деп тамсана қарайтынын осыған дейін талай рет естігінбіз. Бірақ, Алакөл, шипалы қасиетімен, тұмса табиғатымен үкіметтің араласуын күтпей-ақ жағасын еміп отырған елді асырап келді.
Сарапшылардың сөзіне сенсек, Алакөлге бағытталып жатқан қаржы жеке инвесторлардың қаржысы. Шетелдіктер енді назар аударып жатыр. Үкімет күні бүгінге дейін бұл саланы сырттан бақылап, инвесторлардың мүмкіндігін сырттай зерттеді.
Бірақ жеке инвестор инвестициялық климатты жақсартып, бағаға әсер ете алмады
Нәтижесінде «Алакөлге демалғаннан» деп басталатын сан түрлі қысыр сөздер шықты.
Қазақстан президенті Алакөл жағалауындағы сервистің сапасын сынаған соң, облыс әкімінің орынбасары Абай көлдің жанында шұғыл кеңес өткізді.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Алакөлдегі инфрақұрылым мен сервистің сапасына наразы азаматтардың көптеген өтініштеріне жауап бергені хабарланған болатын. Ол үкіметке қысқа мерзім ішінде бүкіл ел бойынша туристік бағыттарды тиісті жағдайға келтіруді, сондай-ақ кінәлі лауазымды тұлғаларды анықтап, жауапкершілікке тартуды тапсырды. Осыдан кейін вице-премьер Ермек Көшербаев өңірлерге барып, туристік аймақтарда тексеріс жүргізетіні белгілі болды.
Қандай уәде берілді
Абай облысы әкімдігі таратқан деректерде Алакөл жағажайын Түркия мен Мысырдың үлгісімен кеңейтіп, дамыту жоспарланып отырғаны айтылған болатын. Көл жағасына халықаралық қонақүй, эко-үйлер мен демалыс кешендерін салу үшін қытайлық инвесторлар тартылмақ. Облыс әкімі Берік Уәли Мақаншы ауданына жұмыс сапарында Алакөлді дамытуға арналған жаңа Бас жоспардың тұжырымдамасымен танысқан.
Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, әкімнің орынбасары Серік Төленбергенов кеңеске Мақаншы ауданының басшылығы мен жауапты мемлекеттік органдардың өкілдерін шақырды. Демалушыларға қолайлы жағдай жасау, жағалауда санитарлық тазалық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
«Құқық қорғау органдарымен бірлесіп рейд өткізіледі, оның аясында бақылау шаралары күшейтіледі. Моторлы қайықтар иелерінің қызметін тексеруге ерекше көңіл бөлінеді. Санитарлық нормаларды бұзғаны үшін сауда нүктелері мен демалыс орындары тарапынан айыппұл салынады «, — деп хабарлады облыс әкімдігі.
Әкімдікте Алакөлдегі туристік инфрақұрылымды жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтылды. Ағымдағы жылы облыс басшысы Берік Уәли Алакөл жағалауында үш рет болып, көшпелі кеңестер өткізді.
Әкімдіктің мәліметінше, 2018 жылдан бері көл жағалауында жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Осыған байланысты облыстық бюджеттен 658 млн теңге бөлінді, оның ішінде:
108,9 млн теңге Арбат алаңын жөндеуге;
171,6 млн теңге — жаңа қоғамдық кеңістік құруға;
жағалауды абаттандыруға — 107,5 млн теңге.
Алакөл жағалауында киім ауыстыруға арналған 25 кабина, 50 контейнер, екі биодәретхана орнатылған. Жеті пирстің үшеуі жөнделіп, құтқару мұнаралары орнатылып, жағажай жарықтандырылды.
Жағалауда құтқару станциясының құрылысы басталды. Қабанбай ауылында Алакөл көлінің аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін екі өрт сөндіру машинасын орналастыруға арналған өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізілуде.
Қосымша 100 қоқыс контейнері мен 75 қоқыс жәшігі орнатылды. Жалпы аумақта 110 контейнер орналастырылған. Арбат аймағында жинау 30 минут сайын, жағалауда — күніне үш рет жүргізіледі. Қазіргі уақытта қалдықтарды қайта өңдеу полигонын салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.
Биыл жағалаудағы санитарлық пункттердің санын сегізден 18-ге дейін арттыру жоспарланған. Бүгінгі таңда 10-ы анықталды.
Электр энергиясының тапшылығы мәселесін шешу үшін жаңа «Алакөл» қосалқы станциясы мен жоғары вольтты электр беру желілерін салу жобалары әзірленді. Құрылыстың аяқталуы 2026 жылдың қазанына жоспарланған.
Демалушылардың қауіпсіздігі үшін құтқарушылар мен нұсқаушылар күн сайын кезекшілік етеді. Бес құтқару мұнарасы жұмыс істейді, алты адамнан тұратын мамандандырылған топ жұмыс істейді. ТЖМ және көлік инспекциясы жағалау аймағында су көлігін бақылау бойынша тұрақты рейдтер жүргізеді. Бүгінгі таңда 30 жүзу құралы тексеріліп, 12 әкімшілік хаттама жасалды.
Бұған дейін белгілі қазақстандық заңгер Саида Таукелева Алакөлдегі қауіп туралы мәлімдеген болатын.
Өз кезегінде депутат Бақытжан Базарбек Алакөл көлінің маңындағы жерлерді мемлекетке қайтаруды талап етті.