ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, мамыр айында доллардың «таза» сатылымы бірден 2,5 есеге — 162 млрд теңгеге дейін өсті.

- Теріс нетто-сату тек Алматы (-116,8 млн теңге) және Шығыс Қазақстан (-1,2 млрд теңге) облыстарында ғана тіркелген — бұл жерде халық долларларды сатып алмастан, оларды жиі сататын.
- Сатылымның басым бөлігі еліміздің үш басты қаласына тиесілі: Алматы (65,1 млрд теңге), Шымкент (37,7 млрд теңге) және Астана (10,4 млрд теңге).
Басқа валюталарға не болып жатыр
Мамыр айында доллар ғана емес, еуро да «жанданды». Оның нетто-сатылымы сәуірмен салыстырғанда 3 есеге — 13,8 млрд теңгеге дейін өсті. Еуропалық валютаны тек екі өңірде: Жетісу (-32,2 млн теңге) және Шығыс Қазақстан облысында (-176,2 млн теңге) сатып алғаннан гөрі жиі тапсырған.
Рубльге деген сұраныс төмендеп келеді.
Мамыр айында аза сату минус 35,7 млрд теңгені құрады. Осылайша, мамыр айы ресейлік валютаның «таза» сатылымы «минус» болып кеткен алтыншы ай болды.
- Айта кетерлігі, ең көп рублді Астана тұрғындары мен қонақтары тапсырған — минус 33,2 млрд теңге.
- Халық арасында танымал емес шетел валюталарына келетін болсақ, мамыр айында жағдай мынадай болды: юань — сұраныс 25,91% -ға, 110,1 млн теңгеге дейін төмендеді; фунт стерлинг — сұраныс 3,43% өсіп, 225,9 млн. теңгеге жетті.
Айта кетейік, жаз — демалыс маусымы және мамыр айында долларға сұраныстың күрт өсуі қазақстандықтардың шетелде демалуға дайындығынан туындауы мүмкін.