
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бүгін сенат отырысында барлық банктер бірыңғай QR-код жүйесіне қатысуға міндеттелетінін, ол үшін заңнамалық өзгерістер әзірленіп жатқанын айтты.
Оның айтуынша, жаңа бірыңғай QR-код жүйесінің бірыңғай операторы Ұлттық банктің еншілес құрылымы - Ұлттық төлем корпорациясы.
Қазір Ұлттық төлем корпорациясы жүйесі арқылы жүргізіліп жатқан күнделікті операциялардың көлемі — 5,9 триллион теңгеге жетіп қалды. «Қазіргі таңда жүйеге үш банк жауынгерлік режимде қосылған. Тағы тоғыз — тестілеу кезеңінде» дейді ҰБ төрағасы.
Бірыңғай QR енгізу ерікті түрде жүргізіліп жатыр, бірақ қазірдің өзінде барлық банктердің қатысуын міндетті ететін заңнамаға түзетулер әзірленуде.
«Жыл соңына дейін біз барлық банктерді серіктестік қатынастар негізінде қосу немесе заңнамалық өзгерістер арқылы қатар жүру міндетін қойдық. Біз мәжіліс пен сенатқа ұсыныстар енгіздік «, — деді Тимур Сүлейменов.
Ұлттық банк төрағасының айтуынша, Ұлттық банк тарапынан келіссөздер мен техникалық сүйемелдеу күн сайын жүргізіледі.
«Бұнымен мен де, менің орынбасарларым да, техникалық командалар да айналысады. Жұмыс күн сайын жүріп жатыр «, — деп сендірді ол.
Осыған дейін не болды
Мамыр айында Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі Бинур Жаленов Қазақстанда барлық банктерді біріктірілген бірыңғай QR-код жүйесіне міндетті қосу енгізілетінін хабарлады. Тиісті түзетулер банктер туралы жаңа заңға енгізілді. QR бойынша банкаралық төлемдерге көшу 2025 жылдың тамызында басталады, ал 2026 жылдың басынан бастап барлық банктер бұл жүйені қолдауға міндетті болады.
Технология қызмет көрсететін банкке қарамастан QR бойынша төлем жасауға мүмкіндік береді. Оны әзірлеу бірнеше жылға созылды, енгізу мерзімі кейінге қалдырылды. Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов барлық банктердің қатысуы міндетті мәселе екенін атап өтті.
Бүгінгі таңда QR-төлемдерді Kaspi.kz, Halyk және Jusan сияқты тоғыз банк қолдайды. Қалғандары — интеграция сатысында.
Бұл банк секторының ландшафтын өзгертуге және кішігірім банктердің мүмкіндігін әртараптандыруға бағытталған. Әу баста бұл жоба клиенттер базасын жасақтап алған алпауыт банктерге тиімді болмады. қолдамады. Себебі олар қолдағы барын өзгелермен бөліскісі келмеді. Үкімет пен Ұлттық банк бұл ретте табандылық танытты.
Кішігірім банктер клиенттер базасына шығуға мүмкіндік алады.