Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәжілісте өткен брифингте 85 мың теңгеге күн көре алмайтынын мойындады.

БАҚ өкілдерінің «Ең төменгі жалақы мөлшері қаншалықты әділ белгіленген және бұл ақшаға өзіңіз күн көре алар ма едіңіз?» деген сұрағына премьер-министрдің орынбасары күн көре алмайтынын айтты.
«Менің ойымша, ол ақшаға күн көре алмайтын едім. Алайда ең төменгі жалақы – есептік көрсеткіш. Мұны айқын түсінулеріңіз керек, яғни одан төмен жалақы төленбеуі керек. Бұл дегеніміз – біреу ең төменгі жалақы төлеуі керек деген сөз емес», деген ҰЭМ ЕТЖ мөлшері дәл қазір қанша болуы керектігін айта алмады.
Демек 85 мың теңгеге өмір сүруге болмайтынын ашық мойындаған Жұманғаринді халықтың 6 пайызы одан да аз ақшаға өмір сүріп отырғаны ойландыруы тиіс.
Халықаралық еңбек ұйымына (ХЕҰ) қосылған мемлекеттер адамның негізгі құқықтарына қатысты қағидаттарды, оның ішінде 1970 жылы қабылданған ең төменгі жалақы туралы конвенцияны сақтауға тиіс. Қазір құжатты 54 ел ратификациялаған. Ал бұрынғы кеңестік республикалардың ішінде бұл тізімде тек Армения мен Әзербайжан бар.
- 2024 жылы тамыз айында «Ашық НҚА» порталында еңбекті төлеу саясатына елеулі өзгеріс әкелетін заң жобасы жария талқылауға шықты.
- Үкіметі Халықаралық еңбек ұйымының Дамушы елдер ерекше ескеретін ең төменгі жалақыны белгілеу туралы 131-конвенциясын ратификациялауға ниет танытып отыр. .
131-конвенцияға сәйкес, оны қабылдайтын ел ЕТЖ айқындау кезінде қызметкерлер мен олардың отбасыларының қажеттіліктерін, жалақының жалпы деңгейін, елдегі өмір сүру құнын және басқа да маңызды факторларды ескеруге міндетті. ЕТЖ заң күшіне ие және төмендетуге жатпайды. Бұл ережені қолданбау жауапты тұлғаларға санкциялар салуға әкеп соғады.
Оның алдында не болды …
ЕТЖ-ны есептеу мәселесі былтыр біраз талқыланған, БАҚ беттерінде «7 жылда елдегі ең төменгі жалақы 125 мыңға жетеді, мұндай межені Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеп отыр» деген ақпарат шықты
- Мәжіліс депутаттары Үкіметке ең төменгі жалақыны 2025 жылы 100 мыңға жеткізуді ұсынған.
- Алайда бұл салаға жауапты министрлік елде ең төменгі жалақыны есептеуге қатысты жаңа әдістеме әзірленгенін айтып, ұсынысты қабылдамаған.
- Осы жылдың 15 мамырында дамушы елдерді ескере отырып, ЕТЖ белгілеуге арналған 131-конвенцияны ратификациялау туралы заң жобасы Мәжілістің қарауына келіп түскен,
- Бұл конвенция ратификацияланса, елімізде ең төменгі жалақы (ЕТЖ) көлемі өсуі мүмкін.
- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өткен жазда заң жобасын әзірлеп, 2024 жылы 9 тамызда ол «Ашық НҚА» порталына қоғамдық талқы үшін орналастырылды.
- Алайда, ол Парламенттің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, 2025 жылы 15 мамырда депутаттардың қарауына келіп түсіпті.
Сонымен қатар, құжат мәтіні өте қысқа және талқылайтындай мазмұнға да ие емес екенін депутаттардың өзі де іштей сезіп отыр. Елде 1 млн-нан астам адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз. Бұл халықтың 5,1%-ы. Бұл Ұлттық статистика бюросынан алынған деректер
- Қазақстанда кедейлер саны көбейіп, еліміз бұрын-соңды болмаған антирекордты жаңартты.
- Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, халықтың 6 пайызының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді.
- Демек халықтың 6 пайызы 51 мың теңгеге өмір сүретін тұрғындар саны артты деген сөз.
- Өзге елдер дағдарыстан шығып, халқының қамын уақытылы реттеп жатса, біздің елде неге көрсеткіш кері кетіп барады?
Сарапшылар не дейді
Мәжіліс депутаты Әбіл Аманжолұлы өткен жылы депутаттық сауалында 2023 жылдың жазында медиандық жалақы мөлшері 240 мың болғанын, идеалды түрде ең төменгі жалақы 120 мың болуға тиіс екенін айтыпты. Бірақ мемлекет 42 500 теңгеден бірден бұл сомаға көтеруі мүмкін емес. Бірте-бірте сатылап 3-4 жылдың көлемінде минималды жалақыны медианды жалақының 50 пайызына жеткізуге болады. «Халықаралық тәжірибегі қарасақ, көп елде ең төменгі жалақы көрсеткіші – 50 пайыз. Ал Еуропа одағында орташа жалақының 60 пайызын минималдық жалақы құрайды. Сондықтан тұрақты экономика болуы үшін, кедейлік деңгейін азайту үшін және жалақы деңгейі әділ болуы үшін бізде де осы көрсеткішті жоспарлау керек. Әрине, бұл жұмыс бір жылда істелуі қиын. Орта және шағын бизнеске үлкен қысым көрсетеді», – деді Мәжіліс депутаты.
Кедейлік деңгейі ірі қалаларда дәстүрлі түрде төмен болғанымен, онда табыс теңсіздігі урбанизацияланбаған аймақтарға қарағанда әлдеқайда жоғары.
- Табыстың ең жоғары алшақтығы Алматы қаласында (коэффициенті – 7,31), Астана қаласында (5,98), ал ең төмені – Маңғыстау, Атырау, Түркістан облыстарында (тиісінше 2,68; 3,41; 3,36) байқалады.
- Тұтыну мен шығынды кіріс топтары бойынша қарастыратын болсақ, ең аз қамтылған халықтың 10%-ы ақшалай шығындарының 59%-ға жуығын азық-түлікке жұмсайтынын көреміз, ал ең бай 10% халық табыстың 42,5%-ын ғана тамаққа жұмсайды.
- Сонымен қатар, соңғысы азық-түлікке жатпайтын тауарларға әлдеқайда көп ақша
ЕТД қанша болу керек
Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Экономика институтының Заманауи зерттеу әдістері бөлімінің меңгерушісі, әлеуметтанушы Айсұлу Молдабекова ЕТЖ деңгейінің артуымен экономикада шамалы болсын сұраныс көлемі ұлғайып, тұтынушылық деңгейінің артуына ықпал ететінін айтады.
Келесі сарапшы Мақсат Халық инфляцияның ең төменгі жалақыны көтерумен байланысы жоқ екенін айтады. Еңбек өнімділігі өспесе, жалақы да өспейді. Қазіргі ең төменгі жалақы мөлшері келесі жылы 85 мың теңгені құрайды. Ал жаңадан әзірленіп жатқан ЕТЖ-ны айқындаудың әдіснамасы қолданысқа енгізілетін болса, бұл көрсеткіш одан сайын артуы мүмкін қазіргі деңгейінен өсуі мүмкін. Қазіргі қымбатшылыққа айналымдағы ақша массасының өсіп кетуі себеп болып отыр.
- Ұлттық банктің статистикасында былтыр ақша массасы 4 трлн 180 млрд теңге көлемінде ақша болған.
- Қазіргі айналым 8 трлн теңгеден де көп.
- Бір жылдың ішінде 4 трлн теңге айналымға артық шығарылған.