ЕДБ депозиттердің инвестициялық тартымдылығы ай санап артып барады: Салымшылар үшін бұл жеделдетілген инфляциядан қорғауға мүмкіндік беретін тетік болса, банктер үшін айналымдағы қаржы капиталын әртараптандыруға берілген мүмкіндік. Бұған дейін халықтың депозиттері 24,7 трлн теңгеге жетіп, Қазақстандағы жаңа рекордты жаңартты.

Бұл ретте салымдардың көпшілігінде мемлекеттік қорғау бар, ол егер банк «жанып кетсе», салымшыға қаражаттың қайтарылуына кепілдік береді.
Нарыққа қатысушылардың көпшілігі 5 маусымда жарияланатын базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешімді күту позициясын алды.
Мамырдағы депозиттік ставкалардағы өзгерістер:
- Мерзімсіз депозиттер: 3 банктегі өзгерістер.
- Толықтырумен жинақ: 2 банктегі өзгерістер.
- Толықтырусыз жинақ: 4 банктегі өзгерістер.
- Мерзімді депозиттер: өзгеріссіз.
- Құбылмалы мөлшерлемелер: өзгеріссіз.
Мерзiмдi емес депозиттер: өтiмдiлiк басымдықта
Мерзiмдi емес салымдар қаражатты сақтаудың ең икемдi нұсқасы болып қалады. Олардың ерекшелігі — кез келген сәтте (төмендетілмейтін қалдық шеңберінде) ақшаны толтыру және алу мүмкіндігі. Алайда олар бойынша мөлшерлемелер ең төменгі — базалық мөлшерлемеге жақын.
Мамыр айындағы өзгерістер:
- Бір ірі банк ставканы 0,3 пайыздық тармаққа көтерді (п.п.).
- Бір орташа банк мөлшерлемені 1,0 пайыздық тармаққа төмендетті
- Бір ұсақ банк мөлшерлемені 0,7 пайыздық тармаққа көтерді
- Салыстырсақ;
Сәуірде мерзімді емес депозиттер бойынша орташа нарықтық ставка 15%,ал наурыз айында 14.5 пайыз, ал мерзімді және жинақ депозиттері бойынша — 17,6% жетті.
Бұл ретте, Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры хабарлағандай, мамыр айында бірқатар банктер сыйақы мөлшерлемелерін көтеруді жалғастырады.
Мәселен, мерзімді емес депозиттер бойынша мынадай өзгерістер болды:
- 1 ірі банк (активтер мөлшері бойынша нарық үлесі 10% -дан жоғары) ставканы 0,3 пайыздық тармаққа көтерді (п.т.);
- 1 ұсақ банк (активтер мөлшері бойынша нарық үлесімен қоса алғанда 3% -ға дейін) ставканы 0,7 пайыздық тармаққа көтерді;
- 1 орта банк (активтер мөлшері бойынша нарық үлесі 3-тен 10% -ды қоса алғанда) мөлшерлемені 1 п.т. төмендетті.
Толықтыру құқығы бар жинақ депозиттерінде өзгерістерге ұқсас:
- 1 сақ банк салымдар бойынша мөлшерлемені 6 айға 0,5 пайыздық тармаққа төмендетті, бірақ 12 ай мерзімге — бірден 1 пайыздық тармаққа көтерді.
Белсенділікті толықтыру құқығынсыз жинақ депозиттері саласында:
- 1 ірі банк салымдар бойынша мөлшерлемені 3 айға — 0,7 пайыздық тармаққа көтерді;
- 1 орта банк салымдар бойынша мөлшерлемені 3 айға — 0,5 пайыздық тармаққа көтерді;
- 2 орта банк салымдар бойынша мөлшерлемені 6 айға — 0,1 п.т. және 0,3 п.т. көтерді.
Сарапшылардың айтуынша, банктер Ұлттық банктің базалық мөлшерлемеге қатысты кезекті шешімін күтіп іштен тынып отыр. Депозиттер сегментіндегі өзгерісті, әліптің артын бағу позициясына ұқсатуга болады.
Егер ҚР Ұлттық банкі инфляцияның жеделдеуі аясында базалық мөлшерлемені көтеруді шешсе (ағымдағы мөлшерлеме 10,7% -ға жетті), онда банктер өз депозиттері бойынша пайыздарды көтереді.
2025 жылғы мамыр жоғары мөлшерлемелер мен базалық мөлшерлеме бойынша маусымдық шешімді күту аясында ұстамды белсенділік көрсетті. Әсіресе толықтыру құқығынсыз жинақ депозиттері ең жоғары динамиканы көрсетті.
Сәуірде инфляция 10,7% -ды құрады және депозиттердің көпшілігі бүгінде салымшыларға нақты оң кірістілік береді. Бұл теңгедегі салымдарды тіпті экономикалық құбылмалылық жағдайында да тартымды құралға айналдырады.