ЕАЭО: Баж салығындағы үлесімізді 7 пайызбен шектеп отырғандар кімдер

Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Ulysmedia.kz тілшісімен кездескен кезде «Қазақстан экономикалық одақтағы баж салығынан түсетін табысты арттыруға күш салып жатыр ма?» деген сұраққа жауап берді. 

«Ресей мен Украина арасындағы соғысқа байланысты бұл әңгіме 2022 жылы басталған. Өйткені тауарлар қазір Қазақстан мен Қырғызстан арқылы кіріп жатыр (экономикалық одақ елдеріне – авт.) Сол кезде бұл мәселе көтерілген. Қазақстан тарапы да айтты. Еуразия экономикалық комиссияда қаралды. Қазір тауар ағынының бәрі өзгеріп жатыр. Сол себепті бұл премьерлердің кеңесінде, тіпті мемлекет басшылары тарапынан да ұсынылған болатын. Сол жерде тиісті әдістеме жасау керек деген тапсырма болған. Сол арқылы шешу керек дескен», – деді Сағынтаев.

Сол әдістеме бойынша Қазақстанның үлесі қанша болуы керек? Бұл сұраққа жауап берген Сағынтаев осы мәселе көтерілген кезде Ресей мен Беларусь тарапы бұған қарсы шыққанын айтады. 

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, Қазақстанның кеден бажынан алатын табысы қазіргіден жоғары болуы керек.

«Бірақ солай екен деп алып кете алмайсыз. Ол белгілеген шешімімен, есебі шығуы керек. Одақта бәрі консенсуспен қабылдануы керек. Бір мемлекет қарсы болса, ешқандай шешім өтпейді», — дейді ол.

Сағынтаевтың айтуынша, ЕАЭО-та бұл мәселені жауып қойғысы келетіндер көп болғанмен, жұмыс жүріп жатыр.

ЕАЭО-дағы кедендік баж мөлшері Бірыңғай кедендік тариф (БКТ) негізінде айқындалады. Бұл тариф әртүрлi тауарлар үшiн олардың СЭҚ ТН кодына (сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына) байланысты баж ставкаларын белгiлейдi. Баж мөлшері сондай-ақ ставка түріне (адвалорлық, ерекше, аралас) және тауардың кедендік құнына байланысты2024 жылы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) кедендік әкелу баждарының сомасын белгіленген ережелерге сәйкес есептеп, бөлді.

Бұл мәселе ЕАЭО-да  2022 жылдан бастап ашық айтыла бастады.. Қаржы министрлігі ұсынған деректерде Ресей мен Беларусь импорты Қазақстан, Қырғызстан және Армения жері арқылы жеткізілетіні айтылған. Баж салымын қайта қарау керек деген ұсынысқа осы фактор себеп болса керек.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 2025 жылдың қаңтар айында ЕАЭО елдері арасындағы кедендік баждарды қайта қарау бойынша жұмыс барысына түсініктеме берді.

Министр Қазақстан ЕАЭО-дағы кедендік баж салығынан түсетін кіріс үлесін 6,99% -дан 8,5% -ға дейін ұлғайтуға ниетті екенін мәлімдеді.

Министрдің айтуында, бұл табыстарды бөлу әдістемеге сәйкес реттеледі.

Әрбір елдің ЖІӨ көрсеткіштері, тауар айналымының көлемі және кедендік рәсімдер назарға алынады.

Арман Абайұлының айтуынша, бұл мәселе күн тәртібінде тұр.

«Өткен жылы Еуразия экономикалық одақтың жұмыс тобында бірнеше талқылау өтті. Методология жағынан кедендік баж салығын арттыруға байланысты 2-3 нұсқа бар. Бірақ 15 немесе 20 пайызға көтереміз деп нақты айта алмаймын. Өткен жылы үкімет деңгейінде үкіметаралық отырыс өтіп, коллегияның жауапты мүшесі баяндама жасады. Бұл мәселе біздің жоспарымызда бар. Себебі әлемдегі геосаясат өзгерді және сауда жағынан өзгерістер болып жатыр», – деді ол.

Экономистердің айтуынша, Украинадағы соғыс басталғалы бері жеткізу тізбегі өзгерді және Қазақстанның шекарасы арқылы ортақ нарыққа тауарлар көп келе бастады.

Демек, Қазақстанның жалпы пайдадағы үлесі де ұлғайтылуы тиіс.

Қазір бұл мәселе Парламенттік деңгейде де жиі айтылып жүр.

Ресей Федералдық кеден агенттігі сауда статистикасында  2025 жылдың бірінші тоқсанында Ресей негізінен минералды өнімдер экспортының төмендеуіне байланысты сыртқы сауда айналымының қысқаруына тап болды. Дегенмен, импорт, әсіресе машиналар мен жабдықтар сегментінде тұрақты болып қалды. Азиялық өңір тауар айналымының аздап төмендегеніне қарамастан, Ресей саудасында негізгі рөл атқаруды жалғастыруда.

Нақтыласақ; aa.com.tr сайтында.

«РФ сыртқы сауда профициті 2025 жылдың бірінші тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8% -ға — 31,8 млрд долларға дейін қысқарды. Бұған Ресейдің Федералдық кеден қызметінің (ФКҚ) деректері дәлел. Кедендік статистика деректері бойынша 2025 жылғы қаңтар-наурызда Ресей Федерациясының сыртқы сауда айналымы 158 миллиард долларды құрады және 2024 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 4,2% -ға қысқарды, оның ішінде экспорт — 94,9 миллиард доллар (6,8% -ға төмендеу), импорт — 63,1 миллиард доллар (0,1% -ға өсу)», — делінген ведомство хабарламасында.

2024 жылдың үш айында Ресейден экспорт 101,8 млрд долларды, ал елге импорт 63,1 млрд долларды құрады.

«2025 жылғы қаңтар-наурызда ресейлік экспорттың негізі дәстүрлі түрде минералды өнімдер болды, олардың экспорттың тауар құрылымындағы үлес салмағы 58,5% -ды құрады», — делінген хабарламада.

2024 жылдың соңында Мәжіліс депутаты Депутат Ерлан Саиров бюджет тапшылығын Қазақстанның ЕАЭО бойынша кедендік түсімнен алатын үлесі арқылы толтыруды ұсынды. Ол үшін елдің кедендік түсімнен алатын үлесін арттыру қажет деп санайды.

Келесі сарапшы Мақсат Халық ЕАЭО қабырғасында «Баж салығындағы үлесімізді 7 пайызбен шектеп отырғандар кімдер?» деген сұрақтың жауабы ашық айтылуы тиіс екенін айтады. Оның айтуынша, ЕАЭО-дағы әрбір шешімді одаққа мүше елдер экономикалық шешім деп қабылдаса, Батыс елдері де саяси ше­шім деп қабылдайды. Сарапшының айтуынша, бұл мәселені Парламент қана мақұлдайды. Парламентте өткен жылдан бері бұл мәселенің ашық айтыла бастауы  сеңнің қозғалғаны. Бұл мәселе бірер жылдың ішінде ғана шешілетін мәселе емес. Себебі  одақтың наны мен өзегі, ЕАЭО-ның инвестициялық тартымдылығы да осы кедендік баж салымдарына тәуелді болып тұр.

«Қа­зақ­стан жағы өз ұсынысын табанды түрде қорғауы тиіс», — дейді Мақсат Халық.

Продолжая тему:
#Бакытжан Сагинтаев #ЕЭК #Казахстан #Экономика Казахстана
Защита детей в действии: Жаңа адамдар установили инструкцию ремонта от ChatGPT для недобросовестных подрядчиков в Алматы
1 июня 2025 в 16:58
Кошка обнюхивает вас? Это значит больше, чем вы думали
30 мая 2025 в 12:12
Почти семь миллионов детей в Казахстане стали участниками программы «Нацфонд – детям»
1 июня 2025 в 16:18
Жир на животе может делать это с организмом — новое открытие
28 мая 2025 в 12:02
Пожар в Атырауской области: огонь охватил охраняемую территорию в природном парке «Акжайык»
1 июня 2025 в 15:49
Что происходит с долларом? Официальный курс на начало июня
30 мая 2025 в 15:38
Борьба с Буллингом в Казахстане
1 июня 2025 в 15:18
На Каспии снова обнаружили десятки мёртвых тюленей
25 мая 2025 в 12:55
В Казахстане выделяются деньги на поддержку семей с детьми
1 июня 2025 в 14:27
Трехмиллионный депозит открыт в Отбасы банке
29 мая 2025 в 13:08
День защиты детей в Казахстане: безопасность и возможности для каждого ребенка
1 июня 2025 в 13:30
Обещали по $1200 в месяц — казахстанцы вложились в самокаты и остались ни с чем
30 мая 2025 в 10:57
Юные гости и бронированная техника: Национальная гвардия подарила детям особенный праздник
1 июня 2025 в 13:29
Депозиты в ожидании решения Нацбанка: ставки почти не меняются
29 мая 2025 в 11:39
Что нужно знать родителям: правила авиаперелётов с детьми
1 июня 2025 в 12:55
Ученые нашли «пусковую кнопку» старения — можно ли ее отключить?
31 мая 2025 в 17:44
Папа, мама и я — спортивная семья: необычный турнир прошел в Астане
1 июня 2025 в 12:16
Университет Woosong в Туркестане начинает приём на осенний семестр
28 мая 2025 в 17:48
Президент Казахстана поздравил граждан с Днем защиты детей
1 июня 2025 в 11:44
Когда запустят LRT в Астане, рассказал Скляр
30 мая 2025 в 13:54
В Казахстане началось тестирование для поступления в магистратуру
1 июня 2025 в 11:39
Вклады населения сократились: кто из банков удержал рост?
30 мая 2025 в 10:01
В горах Алматы спасли трёх заблудившихся девушек
1 июня 2025 в 11:04
Вы не замечали, а оно работает: как смена времен года меняет нас
30 мая 2025 в 14:28