Атырау мұнай өңдеу зауыты Атырау облысындағы ең ірі кәсіпорындардың бірі. Атырау мұнай өндеу зауыты ресейлік «Татнефть» компаниясының сенімгерлік басқаруына берілмек деген әңгіме ел ішін желдей кезіп кеткен болатын.

Бүгін Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында «ҚазМұнайГаз» ҰК «АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әсет Мағауов «Татнефть» Атырау мұнай өңдеу зауытын сатып алу нұсқасы жоққа шығарылмайтынын айтты.
«Татнефть» компаниясымен біздің бірнеше жоба бойынша тығыз қарым-қатынасымыз бар, атап айтқанда, ТФК/ПЭТ жобасы бойынша талқылау жүріп жатыр. Солардан басқа да әлеуетті қатысушылар бар, олар да «Бутадиен» жобасын дамытуды белсенді талқылауда, бірақ онда ҚМГ тартылмайды. АМӨЗ-ге қатысты олар да бізге кейбір қондырғыларды ауыстыруға байланысты техникалық мәселелер бойынша кеңес берді. Одан арғы қарым-қатынастарға келер болсақ, біз ҚМГ-ны дамыту аясында барлық компаниялармен ынтымақтастық мүмкіндігін қарастырудамыз, оның ішінде «Татнефть» те жоққа шығарылмайды», — деп атап өтті.
Стратегиялық нысанды сенімгерлік басқаруға беру қаншалықты орынды деген сұраққа ҚМГ басшысының орынбасары жекешелендіру, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға беру мәселелерінде стратегиялық нысандарға қатысты үкіметтің тиісті рәсімдері бар екенін атап өтті.
«Олар өз міндеттерін мұнай өңдеу нарығындағы бәсекелестікті дамытудан көреді. Және ҚРБА тарапынан басымдықтардың бірі ретінде — ұлттық компанияның жалпы мұнай өндіру, сондай-ақ мұнай өнімдерін өңдеу жүйесіндегі ықпалының үлесін азайту ұсынысы болды», — деп нақтылады Әсет Мағауов.
Ол АМӨЗ зауытына өткен жылы Sinopec (China Petroleum & Chemical Corporation) компаниясы қызығушылық танытқанын түсіндірді.
«Әлеуетті стратегиялық серіктестердің кең ауқымымен белгілі бір келіссөздер болады. Бұл жерде олар зауытты дамытуға қандай құзыреттілік, қандай технология мен үлес қосатыны тұрғысынан маңызды», — деп қосты ҚМГ басшысының орынбасары.
Нақты мерзім жоқ, ҚРҚА ұсынған тұжырымдама шеңберінде мұнай өнімдері нарығын қайта реттеуді байланыстыру болды.
«Нарық баға белгілеу тұрғысынан толық қайта реттелетін осы периметрді көріп отырмыз, бұл 2028-2029 жылдардан ерте емес», — деп түйіндеді ол.