Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов пен QazaqGaz компаниясының басқарма төрағасы Санжар Жаркешов халықты газбен қамтамасыз ету туралы есебіне Премьер Бектеновтың сенбей қарауы журналистердің назарына түсіп қалды.

Еске түсірсек:
Премьер Бектеновтің өзі «жұмыстарыңызда ешқандай проблема жоқ па сонда? Жұмыстың тек жақсы жағын айттыңыздар, проблеманы да жарыққа шығарып, талқылау қажет қой», деген қарсы сауалына Жаркешов газбен қамтуды жалғастыру мақсатында республикалық бюджеттен және «Самұрық-Қазына» қаражатынан 84 жобаны іске асыру үшін 112,5 млрд теңге бөлінгенін айтты. . «2025 жылдың қорытындысы бойынша 71 елді мекенді газбен қамту үшін 60 жобаны аяқтауды жоспарлап отырмыз. Соның арқасында 218 мың адам табиғи газға қол жеткізіп, газбен қамтамасыз етілген халық саны 12,8 млн адам болады», – дейді энергетика министрі.
Энергетика саласы жоспар жасау, жоба құрудан кенде емес екенін осыған дейін айтқанбыз.
- 2024 жылдың бірінші жартысында 107 жобаны жүзеге асыруға 89,3 млрд теңге жұмсалған.
- Былтыр жалпы 200-ге тарта жоба жүзеге асқан. Министрлік биыл да 84 жобаны орындаймыз деп отыр.
Ресми дерекке сүйенсек,
- 2022 жылы халықтың – 59 пайызы,
- 2023 жылы – 61,1 пайызы, 2
- 2024 жылы – 62,4 пайызы газбен қамтамасыз етілген. Яғни жыл сайын халықтың 1 пайызы ғана табиғи газға қол жеткізіп отыр.
Қазақстанда газ қоры жеткілікті, инфрақұрылымға бөлінген қаржы да аз емес. Сарапшылардың айтуынша, газ сегментіндегі ірі өндірушілер мұнай өнімдерін ішкі нарыққа арзанға сатқаннан гөрі шетелге қымбатқа сататынынан премьер Бектенов хабардар.
«Қазақстанның көгілдір отын бойынша әлеуеті зор. Табиғи газ қорының расталған көлемі шамамен 4 триллион текше метр. Алайда оны игеру үшін жүйелі тәсілдер мен жаңа инвестициялар, заманауи инфрақұрылым және ұзақмерзімді стратегия қажет», дейді премьер Бектенов.