
Әлемдік нарықта мұнай бағасы бұрын соңды болмаған рекордтық деңгейге дейін арзандап жатыр. Соған сай мұнай өнімдірінің де бағасы түсуі тиіс еді. Мұнай өндіруші ел саналатын Қазақстанда да үш бірдей мұнай өңдеу зауыты бола тұра жанармай бағасы қымбат күйінде қалып отыр.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының құлдырауы бензин бағасының арзандауына әсер ете алмайтынын ашып айтты. Оның айтуынша, ізде халықаралық нарықпен мұндай корреляция жоқ. Яғни, мұнай бағасы қалай өзгерсе де бензин бағасына әсер ете алмайды.
Бағаны тек ұсыныс қана анықтайды
Ал елдегі ұсыныс бағаға ықпал ете алатын деңгейде емес,
Оның айтуынша, Қазақстанның Шымкент, Атырау және Павлодардағы үш ірі мұнай өңдеу зауыты ішкі нарықты мотор отынымен қамтамасыз етеді.
- 2024 жылғы сәуірдің басында Brent маркалы мұнай барреліне 0-ден сәл жоғары — бір баррель үшін $91 шамасында сатылды.
- ICE сауда-саттығында жарияланған сәтте мұнайға маусымдық фьючерстер алдыңғы сауда-саттықтан 1,54% қоса отырып, $64,48-ден сатылады.
- Ағымдағы жылдың басында Қазақстанда шекті бөлшек сауда бағасы әрекет етті:
- жергілікті жүргізушілер үшін Аи-92/93 литріне 205 теңгені және дизель отынының литріне 295 теңгені құрайды.
- емлекеттік реттеу жойылғаннан кейін жекелеген жанармай құю станцияларындағы бағалар Аи-92 литріне 209 теңгеге дейін өсті.
- Сонымен қатар, Астанадағы кейбір ЖҚС-тар бензиннің бұл маркасын литріне 205 теңгеден сатуды жалғастыруда.
Вице-премьер Қанат Бозымбаев қаңтарда мемлекет реттеген бензин мен дизель отынының бөлшек сауда бағасының өсуі бір мезеттік емес, кезең-кезеңмен болуы тиіс екенін атап өткен болатын. Аи-92 мен дизель отынына мемлекеттік реттеудің алынып тасталғанына қарамастан, Қазақстанда танымал автоотын болып табылатын сұйытылған мұнай газына (автогаз) шекті бөлшек сауда бағаларын қолмен басқару сақталуда.
Басқа елдерде
Субсидиялау, логистика шығынына қарай Еуропада да бензин бағасы әртүрлі құбылып тұрады. Бірақ оларда мұнай өңдеуге ықпал ететін жапсарлас салаларда бәсекелестік жақсы дамыған. Қазақстанда бензин арзандауы үшін адал бәсекелестікке басымдық берілу керек.
Бізде
Мұнайдың үстінде отырып қымбат бензин тұтынуымыздың басты себебі мұнай өңдеу зауыттарына шикізатты Ресейден алатынымыз, жоғары октанды бензинді де солтүстік көршімізден таситынымыз болып отыр. Әлемдік нарықтан айырмашылығы сол, Қазақстанда жанар-жағар майдың бағасы мұнайдың жаһандық құнына байланбаған. ЖЖМ бағасына әсер ететін негізгі факторлар бізде басқа, ол – шикі мұнайды МӨЗ-дерде қайта өңдеу қызметі құнынан, лабораториялық сынақтар шығысынан, бензиннің қасиеттерін жақсарту үшін отынға қосылатын қоспалардан қалыптасады. Бұған сондай-ақ мемлекет жинайтын салықтар мен акциздер, банк несиелерінің қымбаттығы, цистерналарды ұсынатын компаниялар ақысы, тауарды тасымалдау және басқа да ілеспе шығыстар ықпалын тигізеді», Елдегі бензин бағасына ең алдымен Ресей рублінің бағамы ықпал етеді. Жанармай нарығында бензин бағасы тек мұнайға қарап түзілмейтінін, өнімнің өзіндік құнымен қоса, түрлі салықтар мен тасымал шығынана қарай қалыптасатыны анық. Ал,мұнай өндіргенімен оны өңдеуді ұқсата алмай отырған Қазақстанда арзан бензин туралы әңгіме қозғау – қаласақ та, қаламасақ та негізсіз талап.