---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://bizmedia.kz/2025-04-14-oligarhtardan-taerkilengen-milliard-dollardyng-nege-zhumsalatyny-naqtylandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Олигархтардан тәркіленген  миллиард доллардың неге жұмсалатыны  нақтыланды

![Доллар США растет против иены, но ослабевает по отношению к другим валютам](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/12/dollar-ssha-rastet-protiv-ieny-no-oslabevaet-po-otnosheniyu-k-drugim-valyutam-bizmedia.kz_.jpg)

[![Фото: Unsplash](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/12/dollar-ssha-rastet-protiv-ieny-no-oslabevaet-po-otnosheniyu-k-drugim-valyutam-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/12/dollar-ssha-rastet-protiv-ieny-no-oslabevaet-po-otnosheniyu-k-drugim-valyutam-bizmedia.kz_.jpg)Фото: Unsplash

Үкімет басшысының баспасөз қызметі   Премьер-Министр Олжас Бектенов заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізгенін хабарлады.   

Бүгінгі мәлімет бойыншша  Қазақстанға 610 миллиард теңге (ағымдағы бағам бойынша миллиард доллардан астам) активтер қайтарылды.

- Оның 506 миллиарды - ақша түрінде.
- 103 миллиардтан астамы - мүлік түрінде.

Бұл қаржының  білім беру, денсаулық сақтау, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы 280 әлеуметтік нысанның құрылысына, сондай-ақ коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталатыны айтылды.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке өз еркімен қайтару туралы бірнеше келісімдер жасасуды мақұлдады. «Арнайы мемлекеттік қорға қосымша 150 миллиард теңге бағытталады. Сонымен қатар «Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы»  заң субъектілері Қазақстан экономикасына 10,5 миллиард доллар инвестициялау бойынша міндеттемелер алды»,   делінген таратылған хабарламада.

Сондай-ақ комиссия жоғарыда аталған заңның қолданылу аясына жататын тұлғаларға қатысты сотқа 84 миллиард теңгеден астам сомаға активтерді мемлекет кірісіне айналдыру туралы талап-арыздарды енгізуді қолдады.

---

Опубликовано: 2025-04-14T15:24:21+05:00

Обновлено: 2025-04-14T15:24:25+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Новости](https://bizmedia.kz/novosti/), [Новости Казахстана](https://bizmedia.kz/novosti/novosti-kazahstana/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://bizmedia.kz/2025-04-14-oligarhtardan-taerkilengen-milliard-dollardyng-nege-zhumsalatyny-naqtylandy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.