
Биыл Қазақстанға 285 мың тонна бензин мен 450 мың дизель отынын импорттау жоспарланып отыр. 2025 жылы елімізде 14,5 млн тонна бензин, дизель отыны, мазут, авиакеросин және битум өндірілетін болады. Мазуттың басым бөлігі — шамамен 14 млн тонна экспортталатынын ескерсек, тұтыну 1,5 млн тонна деңгейінде болады.
Бұл ретте, Энергетика министрлігінде түсіндіргендей, индикативтік теңгерімге байланысты Ресейден мұнай өнімдерінің импорты көзделген.
- Оның ішінде 285 мың тонна бензин,
- 450 мың тонна дизель отыны
- 300 мың тонна авиаотын
- 500 мың тонна битум әкелу жоспарланып отыр.
Министрліктің болжамынша, жанар-жағармайдың жиынтық қалдықтарының уақытша төмендеуі күзде — қазан-қарашада болады. Бұл астық жинау жұмыстары кезінде тұтынудың маусымдық ұлғаюына байланысты. Сондай-ақ жоспарлы жөндеулер аясында қайта өңдеу көлемі төмендейді.
«Ішкі нарықта тапшылық қаупінің туындауының алдын алу үшін, болжамды деректерге сәйкес, жыл сайынғы негізде Қазақстан мен Ресей энергетика министрліктері арасындағы индикативтік баланс бекітіледі», дейді министрлік таратқан деректерде
Сонымен қатар, елімізде мұнай өнімдерін өндіруді ұлғайту үшін МӨЗ кеңейтілуде.
- Шымкент МӨЗ-дің өндірісін жылына 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін ұлғайту жөніндегі жобаның алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) аяқталды.
- ТЭН 2025-2026 жылдары әзірленеді, жобалық-сметалық құжаттама 2026-2028 жылдары дайын болады. Құрылыс-монтаждау жұмыстары мен іске қосу-жөндеу жұмыстары 2030 жылы өтеді.
Осы жылдың ақпан айының соңында тараптар жобаны бірлесіп іске асырудың базалық қағидаттарын келісті. CNPC корпоративтік келісу рәсімдерін жүргізеді.
Бұдан басқа, өңдеуді жылына 8 млн тоннаға дейін (5,5 млн тоннадан) кеңейте отырып, Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту екі кезеңде жүргізіледі.
- Бірінші кезең шеңберінде 2024 жылдан 2026 жылға дейін сұйытылған көмірсутек газын тазарту және сутек өндіру қондырғылары салынуда. Сонымен қатар, парафинсіздендіру блогын ықпалдастыра отырып, дизельдік отынды гидротазалау қондырғысы қайта жаңартылуда.
- Екінші кезеңде мұнай өңдеу 8 млн тоннаға дейін ұлғаяды. Ол үшін алдын ала ТЭН әзірлеушіні таңдау жүргізіледі.