
Тіпті кейбір кәсіпкерлер «Авгейдің ат қорасынан тазалау» бизнес кеңістікті көлеңкелі бизнестен тазалау осы ұсыныстан басталатынын айта бастады.
Кәсіпкер Олжас Мамадәлі біздің елде кәсіпкерлікті тіркеу оңай екенін, бірақ оның қаншасының жұмыс істеп жатқанын анықтау қиын екенін айтады. Өйткені, еліміздегі көлеңкелі бизнесті қорғаштап отырғандардың көбі лауазымды адамдар екен. «Бұл ұсыныс ішкі нарықты жалған кәсіпкерліктен тазартуға мүмкіндік береді. Бірақ оларды тіркеу қандай тетіктер арқылы қиындаталатыны әзірге белгісіз. Үкімет шектеу шараларын тым қатаңдатып жіберсе, кәсіпкерлікті тіркеу жемқорлыққа шырмалып қалуы мүмкін» дейді кәсіпкер.
Кәсіпкердің айтуынша бұл мәселе өте өткір тұр. ҰЭМ бұл жолы өздеріне соншалықты абырой әкеле қоймайтын шаруаны еңсеруге бел буып отыр. Елдің бизнес әлеуеті тіркелген ШОБ санымен өлшеніп келді. Енді бизнестің санына емес, сапасына басымдық беріледі.
Бизнес-қоғамдастықтан «жалған кәсіпкерлік» терминін анықтауды және барлық кәсіпорындарды бір бапқа сәйкес келтіруді тоқтатуды талап етеміз. Жалған кәсіпкерлер бизнесті тіркетудің жеңілдігінен кейбір салықтан жалтарып келді» дейді ол.
Оның айтуынша, бұл өте қиын міндет. Егер Үкімет ұстанымына адал болса, шешімін табуға болады.
«Қазір бизнес пен биліктің ара -жігі бірігіп кеткен. Кейбір алпауыт компанияларың бөлшектеніп кеткен бизнесінің арғы жағында өте ықпалды шенеуніктер отырады.