---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://bizmedia.kz/2025-03-28-db-qazaqstanda-biyl-iskerlik-belsendi-bolghanmen-inflyacziya-alangdatady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ДБ: Қазақстанда биыл іскерлік белсенді болғанмен инфляция алаңдатады

![Индекс деловой активности PMI](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/04/indeks-delovoj-aktivnosti-pmi-bizmedia.kz_.jpeg)

Биыл Қазақстан экономикасының аяқ алысы жаман емес, бірақ инфляция көрсеткіші алаңдатады. Дүниежүзілік банктің қаңтар-ақпан айларына арналған[ есебінде](https://thedocs.worldbank.org/en/doc/2bd632526a067512ea91f51356ebf909-0080012025/original/Kazakhstan-Monthly-Economic-Update-March-2025.pdf?utm_source=in_materials) осындай баға берілген.

[![Фото: Pixabay](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/04/indeks-delovoj-aktivnosti-pmi-bizmedia.kz_-1024x640.jpeg)](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/04/indeks-delovoj-aktivnosti-pmi-bizmedia.kz_.jpeg)Фото: Pixabay

## Іскерлік белсенділік индексі

Қаржы мекемесінің мәліметінше, Қазақстанда 2025 жылдың басында өнеркәсіпте, сонымен бірге бірге қызмет көрсету саласында да өсім байқалады.

Іскерлік белсенділік индексі (PMI) қаңтарда 50,4 болса, ақпанда 51,3-ке дейін көтерілген. Осының өзі экономиканың кеңейгенінен хабардар береді.

Ал өңдеуші өнеркәсіпте PMI көрсеткіші 54-ке, қызмет көрсету саласында 50,6-ға жеткен. Дегенмен жұмыс күші мен шикізат шығынының өсуі компанияларды алаңдатып отыр.

## Инфляция жоғары

Ақпан айында жылдық инфляция 9,4%-ға дейін көтерілді. 2024 жылғы желтоқсанда 8,6% еді. Алайда азық-түлік 6,5%-ға, басқа да тауарлар 8,7%-ға, қызмет көрсету бағасы 14,1%-ға жоғарылаған.

Маңызды факторлардың арасында салықтың көтерілуі, несие берудің артуы және коммуналдық қызметтің қымбаттауын (6,3%) атап өтуге болады.

## Сауда

[Дүниежүзілік банк](https://www.worldbank.org/en/country/kazakhstan/publication/monthly-economic-update?utm_source=in_materials) есебінде 2025 жылғы ақпанда Қазақстанның сауда балансы 25%-ға қысқарған, бірақ 1,6 млрд доллар өсім көрсетіп тұр. Экспорт 13,4%-ға төмендеді. Негізінен бұған мұнай шикізатын сыртқа шығарудың азаюы мен мұнай бағасының түсуі әсер еткен.

Импорт 5%-ға азайды. Ал машина және басқа да құрал-жабдықтар алу көрсеткіші 10,5%-ға төмендеді. 

2025 жылдың ақпанында Қазақстанда жылдық инфляция 9,4%-ға дейін өсті, деп хабарлады [Ұлттық банк](https://www.nationalbank.kz/kz/news/informacionnye-soobshcheniya/17533).

15 өңірде инфляция деңгейінің өсуі, үш облыста баяулауы тіркелді, ал екеуінде инфляция өзгеріссіз қалды. Жылдық инфляцияның ең жоғары деңгейі Астанада тіркелді.

Ақпан айында азық-түлік бағасы 6,5%-ға дейін өсті. Бағаның ең жоғары өсімі Ақмола облысында – 8,9%, ең төменгісі Түркістан облысында – 4,5% деңгейінде болды.

Азық-түлік емес тауарлар бағасының өсу қарқыны ақпанда 8,7%-ға дейін өсті. Түркістан облысында ең жоғары көрсеткіш – 14,1%, ең төменгі көрсеткіш Павлодар облысында – 5,8%.

Ақылы қызметтер бағасы ақпан айында 14,1%-ға өсті. Бұл ретте республикалық деңгейден айтарлықтай жоғары бағаның өсуі Батыс Қазақстан облысында – 19,2%, айтарлықтай төмендеу Түркістан облысында – 8,4% деңгейінде тіркелді.

Ақпан айында елдегі айлық инфляция 1,5%-ға өсті.

---

Опубликовано: 2025-03-28T11:08:24+05:00

Обновлено: 2025-03-28T11:30:23+05:00

Авторы: [Анатолий Пак](https://bizmedia.kz/author/anatolij-pak/)

Рубрики: [Новости](https://bizmedia.kz/novosti/), [Финансовые новости Казахстана](https://bizmedia.kz/novosti/finansovye-novosti-kazahstana/)

Метки: [Деловая активность](https://bizmedia.kz/tag/delovaya-aktivnost/), [Казахстан](https://bizmedia.kz/tag/kazahstan/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://bizmedia.kz/2025-03-28-db-qazaqstanda-biyl-iskerlik-belsendi-bolghanmen-inflyacziya-alangdatady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.