Сарапшыларды есебінен жаңылдыра бастады. Мұнай бағасы оң болмаса да теңге кенеттен күш алып кетті. Сонымен бір мезгілде рубльдің де есін жиюы «теңге мен доллар егіз бе еді» трендден түсе бастаған ескі әуенді санамызда қайта жаңғыртты. 2024 жылдың басынан бастап рубль нығайды, бұған ресейлік экспорттаушылардың валюта түсімін сатуы және 2024 жылғы қарашада енгізілген санкциялардан кейін есеп айырысудың жаңа құрылымына бейімделуі ықпал етті. Сондай-ақ желтоқсанда РФ ірі экспорттаушылары валюталық түсімді айырбастау көлемін айтарлықтай ұлғайтты. Рубльдің өсуінің қосымша факторы Ресей-Украина қақтығысын бейбіт жолмен реттеу мүмкіндігін күту болды. Санкциялық қысымның әлсіреуі туралы келісім жасалған жағдайда рубль инвестициялардың ағынынан, капиталдың Ресейге оралуынан және РФ ОБ тартымды мөлшерлемелерінен едәуір нығаюы мүмкін. Алайда теңгенің осындай өсімін күтудің қажеті жоқ, себебі Қазақстанда бұл факторлар айтарлықтай рөл атқармайды. Ал егер келіссөз процесі созылса немесе сәтсіздікке ұшыраса, екі валюта — рубль де, теңге де әлсіреуі мүмкін.

KASE биржасында АҚШ долларымен қатар қайтадан нығайып келеді. Алғашқы қарқынның күші қайтып қалса да кері шегінбей тұр. Бүгінгі бағам 1 доллар үшін 499.1-504.1 Қысқасы теңге мен доллар арасы итжығысқа көбірек ұқсап барады.
Ұлттық банк әзірге бұл бағам нарықтық нарықтық бағам екенін айтып жатыр. Ұлттық банк төрағасы Т. Сүлейменов теңгенің долларға қатысты бағамы ішкі нарықтағы нарықтық сұраныс пен ұсыныстың, сондай-ақ сыртқы факторлардың әсерінен қалыптасатынын атап өтті. «Украинадағы әскери қақтығысты шешу тұрғысынан нарықтар мен қаржы-энергетикалық сектордың біртіндеп оптимизмі бар. Қандай да бір саяси келісімдер көрініп тұрғандай, және нарықтар оған айтарлықтай оң қарайды. Бұған көршіміз, негізгі стратегиялық сауда серіктесіміз — Ресей валютасының динамикасы да оң әсер ететіні түсінікті» атап өтті Т. Сүлейменов.
Сондай-ақ, оның айтуынша, мұнай бағасы да маңызды рөл атқарады.
«Энергетикалық нарықтар да тыныш болатынын көріп отыр. Егер қандай да бір бітімгершілік жасалатын болса, онда шикізат бағасы айтарлықтай тұрақты болады, себебі Ресей қазір нарыққа мұнай жеткізу мүмкіндіктеріне шектеулі. Егер бұл мәселелер ерте ме, кеш пе шешілетін болса, онда жағдай тұрақтанады және нарықтар да бұған осылай қарайды «, -дейді бас банкир.
Нарықтағы жағдай да, халықаралық жағдайда теңгеге бағытталған қысымның әлсірей бастағанын көрсетіп тұр.
Қаңтар айының ортасынан бастап мұнай АҚШ-та өндірудің ұлғаюы мен ОПЕК + -ке АҚШ билігінің қысымы күтіліп отырған кезде төмендеді. Алайда АҚШ-та өндіруді тез өсіру мүмкін емес. EIA болжамына сәйкес, өндіріс көлемі ағымдағы 13,3 млн баррельден 2025 жылға орта есеппен 13,6 млн баррельге дейін өседі, бұл небәрі 2% өсімді құрайды. ОПЕК + өндіру шектеулерін наурыздың соңына дейін сақтауды, содан кейін өндірісті біртіндеп ұлғайтуды жоспарлап отыр. 2025 жылдың бірінші жартысында біз Brent мұнайының бағасы барреліне $70-75 аралығында сақталады деп күтеміз (12 ақпанда — $76). Өндірудің айтарлықтай артуы қорлардың өсуіне әкеледі, бұл 2026 жылға қарай бағаның барреліне $60 дейін төмендеуіне әкелуі мүмкін. Алайда, қысқа мерзімді перспективада мұнай факторы теңгеге қысым жасамайды деген болжам бар.
Кейбір сарапшылар теңгенің күш алуына салық аптасының әсер еткенін айтып жатыр. Бірақ ол да қысқа мерзім. 25 ақпанға қарай компаниялар пайдалы қазбаларды пайдаланғаны үшін төлемдерді қоса алғанда, салықтың 10-нан астам түрін төлеуі тиіс. орташа есеппен салық аптасына екі апта қалғанда теңге 2,4 пайызға нығайды. Егер бұл үрдіс қайталанса, бағам 25 ақпанға қарай бір доллар үшін 485-490 теңгеге дейін нығаюы мүмкін екенін айтып жатыр сарапшылар. .
Сонымен, сарапшылар теңгенің биылғы жағдайын 2 түрлі сценарийде қарап жатыр.
Базалық сценарийдің орындалуы
Ресей мен Украина арасындағы жағдайдың оң шешілуіне байланысты. Бұл жағдай қаржы нарықтарының тұрақтануы байланысты. ОПЕК + сәуір айынан бастап мұнай өндіруді біртіндеп тәулігіне 130 мың баррелге арттыра бастайды, ал АҚШ-та мұнай өндіру жыл соңына қарай тәулігіне 13,7 млн баррелге жетеді. Мұндай жағдайда теңге бағамы ақпанда, содан кейін тамыз-қыркүйекте бір доллар үшін 485-490 теңге деңгейіне жақындай отырып нығая алады. Алайда, кейін, 2025 жылдың соңына қарай мұнай нарығындағы ұсыныстың өсуі аясында бағам бір доллар үшін 520 теңге белгісіне біртіндеп қайтуы мүмкін.
Оптимистік сценарийде ОПЕК + мұнай өндіруге шектеулерді кем дегенде екінші тоқсанның соңына дейін ұзартады, бұл мұнай бағамдарының тұрақтылығына әсер етеді. Мұндай жағдайда теңге екінші тоқсанда бір доллар үшін 465-470 теңгеге дейін тербелуі мүмкін. Жыл соңына қарай, тіпті жайлы факторлар сақталса мұнай бағасының төмендеуіне байланысты бағамның бір доллар үшін 510-515 теңгеге дейін қымбаттайды.
Жағымсыз сценарийде 2025 жылы бітімгершіліктің жоқтығымен және қақтығыстың одан әрі өршуімен байланысты. Мұндай жағдайда өңірдегі инвестициялық ахуал нашарлайды, ал Ресейге санкциялық қысым валюта нарықтарына әсер етуін жалғастырады. Қосымша алғанда, ОПЕК + мұнай өндірудің агрессивті өсуі — сәуірден бастап тәулігіне 140 мың баррель, сондай-ақ АҚШ-та мұнай өндірудің тәулігіне 13,9 млн баррельге дейін артуы теңге бағамына қысым көрсетеді. Нәтижесінде теңге ақпан айында қысқа мерзімге ғана нығая алады, бірақ кейін оның бағамы біртіндеп әлсіреп, 2025 жылдың соңына қарай бір доллар үшін 570 теңгеге жетеді.
Перспектикалық сценарийде тенгеге күш беретін тіректі ішкі нарықтан, экономикалық ресурстардан іздеу керек. Мысалы, Түркияда немесе дамыған нарықтарда инфляция 40-50 пайзыдан асып кетсе де ұлттық валюталарына әсері аз. Себебі мықты экономикалық ресурсы бар елдер инфляцияға тәуелді емес. Сарапшылардың айтуынша, ұлттық валютаға әсер бірнеше көрсеткішпен бағаланады. Импорттың әсерін, дамыған нарықтар сырттан келетін импортқа салықты көтеру арқылы ішкі экономикалық ресуртың жолын ашады. Бәсекеде қоргайды. Бұл инфляцияның доллар бағамына деген тәуелділігін төмендетеді, ішкі нарықта импорттың экспансиясынан қорғайды.
Сарапшылар дамыған нарықтарда ұлттық валютаның құбылмалы болуы қалыпты жағдай. Нарық оған мән бермейді, ұлттық валютаның құнсызданып кетуін трагедия көрмейді.
Сарапшы Ильяс Исаев шетелдерде ірі сауда желілеріндегі тауарлар валюта бағамына теңестіріліп отыратыны қалыпты жағдай. Таңертен бағасы 5 доллар тұратын тауардың кешке қарай 3 доллар немесе одан да қымбат болуы да қалыпты жағдай. Бұл әрбір сауда желісінің қор биржасындағы бағасымен интегарияланғанда ғана қол жетімді.
«Бізде сауда саясаты әлемдік тәжірибеден алшақ жатыр. Біздегі сауда жабайы нарықтан алыс кеткен жоқ. Бұл сауда желілерінің инфрақұрылымдық жарақталуына байланысты. Бізде ішкі нарықта бағаны нарық емес, оның қожайындары белгілейді. Доллар көтерілсе, бір сагаттан кейін бағаның өсіп кететіні қалыпты жаағдай. Бұл ұлттық валютаның нарық пен халық алдындағы рейтингісіне кері әсер етеді» дейді сарапшы.