---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://bizmedia.kz/2025-02-19-resej-arqyly-munaj-tasymaldasang-balama-baghytty-umytpa/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ресей арқылы мұнай тасы­­­мал­дасаң, балама бағытты ұмытпа   

![Наливной терминал КТК, дипломатическое предупреждение](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/11/kasym-zhomart-tokaev-poblagodaril-vladimira-putina-za-stabilnuyu-rabotu-ktk.jpg)

Бірер күннен бері Кеше «Транснефть» Каспий құбыр желісі консорциумымен (КҚК) қазақ мұнайын айдау көрсеткіші шамамен 30%-ға қысқаруы мүмкін екенін, Қазақстан энергетика министрлігі «отандық мұнайға шектеу жоқ, қабы, лдау кестеге сай жүзеге асатынын хабарлап жатыр.

[![Фото: пресс-служба КТК](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/11/kasym-zhomart-tokaev-poblagodaril-vladimira-putina-za-stabilnuyu-rabotu-ktk-1024x575.jpg)](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/11/kasym-zhomart-tokaev-poblagodaril-vladimira-putina-za-stabilnuyu-rabotu-ktk.jpg)Фото: пресс-служба КТК

Украина ұзақ уақыт бойы Қазақстан мен оның халықаралық серіктестеріне зиян келтіруден тартынып, КТК инфрақұрылымына шабуыл жасамады.

> «Украинаның қорғаныс күштері Ресейдің қарулы агрессиясын қолдайтын стратегиялық нысандарға шабуыл жасау құқығын өзіне қалдырады. Ресейдің заңсыз соғысын қолдайтын инфрақұрылымды жою операциялары жалғасады», - делінген бас штабтың мәлімдемесінде.

Хабарламада «Кропоткинская» стансасы арқылы өтетін мұнайдың 90% -ы Теңізден келетін қазақстандық мұнай  екені айтылмаған.

2001 жылы Каспий құбыр желісі консорциумы (КҚК) іске қосылған уақытта Қазақстанның ондағы үлесі әлдеқайда төмен болды. 2023 жылы мұнайдың 40 пайызын ғана КҚК-мен сыртқа шығаратын. Он жылда бұл көрсеткіш 80 пайызға жетті, яғни Каспий құбырына тәуелділік екі есе өсті. Бағытты әртараптандыру үшін  жаңа танкерлер қажет,қолдағы бар көліктердің  80%-ы Ресей ар­қылы өтеді. Тасымалдау екі құбыр ба­ғы­ты бойынша жүзеге асырылады – Каспий құбыр консорциумы (КҚК) құбыры бо­йынша Новороссийск портына және Атырау – Самара мұнай құбыры арқылы және одан әрі Ресей аумағы арқылы Усть-Франция портына дейін өтеді.  

Мұнайдың 15 пайызы Атырау-Самара құбырымен, яғни ол да Ресей арқылы экспортталады.  Сарапшылардың сөзінше, біқ бұл бағытта барынша бейғам болдық, кейінгі 20 жылда қауіпті болжайтын менеджмент жүргізбеген. Қазір балама жол «Баку – Тбилиси – Жейханмен» тасылатын мұнай көлемін 20 млн тоннаға дейін кеңейту жоспары бар. Бір бағытта бағдарға алудың тәуекелі терең болатынын кешегі жағдай көрсетті. Мұнай сарапшысы Олжас Байділдиновтың айтуынша,   Теңіз-Новороссийск бағыты бойынша шикізатты тасымалдау 30% -ға төмендеген жағдайда Қазақстан бюджеті шамамен $600 млн немесе 300 млрд теңге болуы мүмкін.

> «КҚК (Каспий құбыр консорциумы) біздің елден мұнай айдауды 1,5 − 2 айға 30% -ға төмендетуі мүмкін. Қазақстаннан 53,8 млн тонна мұнай 2024 жылы КҚК арқылы тасымалданған. Айына 4,5 млн тонна, 2 айда - 9 млн. Сәйкесінше, бұл көлемнің 30% - 2,7 млн тонна немесе нарықтық құны шамамен $1,4 млрд (баррель үшін $70) болатын 19,7 млн баррель», - жазады Олжас Байділдинов.

Сонымен қатар, ол американдық Chevron және ExxonMobil үлесі 70% құрайтын Теңіз жобасы кеңейтуді аяқтағанын және өндірістің ұлғайған көлеміне шығуға тиіс екенін ескеру керек. Оның айтуынша, мұнай айдау станциясына  келтірілген залалдың өзі де шығын.  Шығынның жалпы сомасын 2 млрд доллар болуы мүмкін.

Bloomberg хабарлағандай, Brent маркалы мұнайдың бағасы «Кропоткинская» мұнай айдау стансасына дронның соққысы туралы хабар мен ОПЕК + картелі өндірісті ұлғайту туралы шешімді төртінші рет кейінге қалдыруды жоспарлап отыр деген сыбыстан кейін барреліне 75 доллар шамасында тоқтады.

IG Asia Pte компаниясының бизнес-талдаушысы Йип Джун Ронг.

«Ресейдегі қазақстандық экспорттық құбыр нысанына дронның соққысы нарықтағы» аю «көңіл-күйінің катализаторы болды», - деп атап өтті.

Мұнай бағытын әртараптандыру қажаттігі 2023 жылдан бастап қаттырақ айтыла бастады.  Біздің мұнай дипло­ма­тиясындағы ойын ережесі соның нәтижесіне осы бағыттың нәтижесіне қарап анықталатынын кешегі жағдай көрсетті.  Бұл оқиға бізге Ресей арқылы мұнай тасы­­­мал­дасаң, балама бағыт ойың­­да болсын» деген қағиданы миы­­мызға шегелеп кетті. 2023 жылы 19 шілде күні Үкімет Қазақ­стан мен Ресей арасындағы Ресей­ден Қытайға мұнайды Қазақстан арқылы тасымалдау туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы құжат жобасын ашық НҚА порталында жариялағаны белгілі. Жаңа құжат жо­ба­сында бұрынғы келісімнен бірқатар өзгешелігі бар. Атап айтқанда, бұрын Ресей Қазақстан арқылы Қытайға 7 млн тонна (10 млн тоннаға дейін арттыруға болады) мұнай тасымалдай алса, енді оның мөлшері бірден 10 млн тонна болып бекітілмек.

---

Опубликовано: 2025-02-19T04:19:09+05:00

Обновлено: 2025-02-19T04:19:13+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Новости](https://bizmedia.kz/novosti/), [Новости Казахстана](https://bizmedia.kz/novosti/novosti-kazahstana/)

Метки: [Казахстан](https://bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [Конфликт](https://bizmedia.kz/tag/konflikt/), [КТК](https://bizmedia.kz/tag/ktk/), [Нефть](https://bizmedia.kz/tag/neft/), [Россия](https://bizmedia.kz/tag/rossiya/), [Украина](https://bizmedia.kz/tag/ukraina/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://bizmedia.kz/2025-02-19-resej-arqyly-munaj-tasymaldasang-balama-baghytty-umytpa/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.