---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://bizmedia.kz/2025-02-14-qor-naryghyna-salyqtyq-yntalandyru-qazhet/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қор нарығына салықтық ынталандыру қажет

![Фондовые рынки Европы растут, немецкий индекс DAX достиг нового рекорда](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/06/fondovye-rynki-evropy-rastut-nemeczkij-indeks-dax-dostig-novogo-rekorda-bizmedia.kz_.jpg)

Еуроазиялық биржалар федерациясының бас хатшысы Константин Сароян Ресейге қарсы санкциялар Еуразияның қор нарықтарына қалай әсер еткенін айтып берді.

[![Фото: Unsplash](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/06/fondovye-rynki-evropy-rastut-nemeczkij-indeks-dax-dostig-novogo-rekorda-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/06/fondovye-rynki-evropy-rastut-nemeczkij-indeks-dax-dostig-novogo-rekorda-bizmedia.kz_.jpg)Фото: Unsplash

> «Ресейден түрлі елдерге белгілі бір қаржы ағыны болды» деп есептейді.

Мұндай жағдай Орталық Азия елдерінде капитал нарықтарының дамуын ынталандырды

> «Бұл жағдай осы елдерде сараптаманың қалыптасуына алып келді. Яғни, Ресейдің мамандары мен сарапшылары компаниялар құра бастады. Осының есебінен елдерде кәсіби тәжірибе арта бастады», - дейді спикер.

Жағымсыз тұстардың арасында ол комплаенстің күшеюін атап өтеді. Оның айтуынша, осыған байланысты трансшекаралық транзакциялар күрделі және баяу жүреді.

> «Егер біреу қазақстандық экономикаға және капитал нарығына инвестиция салғысы келсе немесе Қазақстаннан басқа елдерге инвестиция салғысы келсе, онда ол үлкен бюрократиялық кедергілерге тап болады», - дейді Константин Сароян.

Сондай-ақ, «ол Еуразия қор нарықтарының өтімділігі мен ашықтығын арттыру үшін бірінші кезекте уақытша салықтық ынталандыруларды қарастыру қажеттігін атап өтті.

> «Мұны салық бойынша қандай да бір тікелей жеңілдіктер арқылы жасауға болады. Немесе кейбір елдерде қалай, мысалы, пайдадан алынатын салық екі есе қысқартылуы мүмкін. Немесе ынталандырудың басқа әдістері, бірақ біз фискалдық форматтар туралы айтып отырмыз», - деп қосты Сароян.

Ол салықтық ынталандыруларды нақты елдің тәжірибесіне сүйене отырып қарастыру және таңдау қажеттігін атап өтті. Бүкіл өңірде бірдей механизмді жүзеге асыру мүмкін емес, дейді Сароян.

Бұдан басқа, өтімділікті арттыру үшін инвесторлардың қаржылық сауаттылығын арттыру, яғни оларды жергілікті нарыққа инвестиция салуға көндіру қажет, деп есептейді еуро-азиялық биржалар федерациясының бас хатшысы. Сондай-ақ, әлеуетті эмитенттермен корпоративтік басқарудың ашықтығы мен бөлінуінен қорықпау үшін жұмыс жүргізу қажет, деп қортындылады спикер.

Қазақстан жаңа салық кодексін әзірлеуде. Онда салықтың кейбір түрлері бойынша жаңа мөлшерлемелер жазылады деп күтілуде. Мысалы, ұзақ уақыт бойы 20% деңгейінде мөлшерлеме ұсынылғанымен, ҚҚС-ты 12% -дан 16% -ға дейін көтеру туралы шешім қабылданды. Кейбір салалар үшін ол 0%, 10% тең болады, сондай-ақ кейбір салалар салық төлеуден босатылады.

---

Опубликовано: 2025-02-14T10:44:46+05:00

Обновлено: 2025-02-14T10:44:50+05:00

Авторы: [Султан  Даулетов]()

Рубрики: [Новости](https://bizmedia.kz/novosti/), [Новости Казахстана](https://bizmedia.kz/novosti/novosti-kazahstana/), [Финансовые новости Казахстана](https://bizmedia.kz/novosti/finansovye-novosti-kazahstana/)

Метки: [Казахстан](https://bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [Россия](https://bizmedia.kz/tag/rossiya/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://bizmedia.kz/2025-02-14-qor-naryghyna-salyqtyq-yntalandyru-qazhet/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.