Соңғы бір аптада Үкімет пен Ұлттық банкке де бағынбай кеткен доллардың ашуы қайтып, теңгенің ес жиып алуына жол берді. Кешеден бері доллар 513 теңгеден сатылып жатыр.
![Фото: Envato](https://s.bizmedia.kz/app/uploads/2023/06/uroven-zolotovalyutnyh-rezervov-kazahstana-snizilsya-do-355-mlrd-dollarov-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)
Бұл құбылыс доллар жыл аяғына дейін 1000 теңге болады деген кейбір сарапшылардың болжамын тас -талқанын шығарды. Дәл осы сегменттегі ақпараттық теке-тіресте Ұлттық банк әдемі стратегиялық ұтымды жүрісімен көзге түсті.
Халықаралық биржада алтын сатып, доллар сатып алуға шешім шығарды.
Сарапшылар үкімет пен Ұлттық банк бұл саясатқа үлкен дайындықпен келгенін айтады: Себебі Ұлттық банктің алтын сатуды үдеткені өткен жылдан бері байқалды. Өткен жылы да теңге бағамы біршамы тұрақты болды. Тек АҚШ-тағы президент сайлауы, жаңа президент тұсындағы белгісіздік саясаты долларды қымбаттатып, теңгеге теңгеге қысымды күшейтіп жіберді.
Сарапшы Расул Рысмамбетовтын айтуынша, 2011 жылы Ұлттық банкке аффинирленген алтынды міндетті сату нормасын енгізу алтын-валюта резервтерін толықтыруға және Қазақстанның алтын өндіру саласын дамытуға мүмкіндік берді. 2024 жылдың соңына қарай алтын-валюта резервтерінің мөлшері 45,8 млрд долларға жетті. Елде тазартылған алтын құймалары өндірісінің көлемі өсті, алтын өндіретін компанияларымыз халықаралық деңгейде танылды. Мысалы, «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауыты Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығының құйма сапасының халықаралық стандарты бойынша аккредиттеуден өтті. Мұны Ұлттық банктің ең сәтті шешімі деп бағалауга болады.
«Ұлттық банк алтынның буы арқылы теңгені күшейтуге щещім қабылдады. Мұны дер кезінде қабылданған стратегиялық шешім деп қабылдауға болады. Осыған дейін де уранға байланысты ҚҚС салығын 20 пайызға дейін көтеруге шешім қабылдады. Мұндай шешім алдағы уақытта мұнайға де, көмірге де, темірге де қолдануға болар еді. Бұл Ұлттық қорға қысымды азайтады. Алдағы уақытта пайдалы қазбалардың құлағында отырған компаниялар шикізаттан дайын өнім шығаруга шешім қабылдаса, ҚҚС-ты кезең-кезеңмен түсіруге болады», — дейді сарапшы.
Әзірге, алтынның буының қандай екенін нарық біліп үлгірді. Алдағы уақытта оның міндеті теңгеге дем берумен шектеліп қалмауы тиіс. Қазақстанда өндірілген әрбір темір әрбір қазақстандықтың жейдесіне түйме, техникасына бөлшек болатын күн алыс емес.